• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Мақтааралда табиғи газ бен ауыз су мәселесі толық шешілетін күн жақын

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында бюджет есебінен елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарлы түрде әрі қарқынды жүргізіліп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымдық жобалар аясында аудан халқын көгілдір отынмен қамту ісі басты басымдықтардың бірі ретінде айқындалған. Соның нәтижесінде күні кеше Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Өркен ауылына табиғи газ берілді.

by Jasyn
08/10/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Мақтааралда табиғи газ бен ауыз су мәселесі толық шешілетін күн жақын
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауылдың көгілдір отынға қосылуы тұрғындар үшін тек тұрмыстық жағынан ғана емес, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан да үлкен маңызға ие. Бұрын көмір жағып, отын жарып, күл шығару сияқты күнделікті машақаттарға тап болып келген тұрғындар енді табиғи газдың игілігін көретін болды.

«Газ тарту — жай ғана құбыр жүргізу емес. Бұл — өмір сапасының артуы, халықтың жайлылығы, қоршаған ортаның қорғалуы. Ауылдағы әрбір үйге жылу кіріп, ас үйде көгілдір отын жанып тұрса — бұл мемлекеттің, облыс пен аудан басшылығының қамқорлығының нәтижесі», — дейді аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков.

Жалпы алғанда Мақтаарал ауданындағы газдандыру жұмыстары соңғы жылдары елеулі серпін алған. Бүгінде ауданға қарасты 68 елді мекеннің 56-ы табиғи газ жүйесіне қосылған. Бұл — жалпы елді мекендердің 80 пайыздан астамын құрайды. Қалған ауылдарда газ жүйесінің құрылыс-монтаждау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Мәселен, жыл басынан бері Тұран, Қарақыр, Өнімкер, Арайлы, Ырысты, Достық, Жеңіс, Мырзатөбе, Гүлістан, Хайдар ауылдарына көгілдір отын жеткізілді. Жоспарланған жұмыстар толығымен жүзеге асқанда, 2026 жылдың соңына дейін Мақтаарал ауданы 100 пайыз  табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Бұл еліміздің оңтүстігіндегі халқы тығыз орналасқан, әлеуметтік маңызы зор аймақтардың бірі үшін орасан зор жетістік болмақ.

Иә, Мақтаарал ауданында елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарлы түрде әрі қарқынды жүргізіліп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымдық жобалар аясында аудан халқын көгілдір отынмен қамту бағытында Достық ауылдық округіне қарасты Хайдар ауылына табиғи газ берілді.

Хайдар – 2 мыңнан астам халқы бар, көпұлтты ауыл. Мұнда түрлі этностар өкілдері бірлікте, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ауылдың көгілдір отынға қосылуы тұрғындар үшін тек тұрмыстық жағынан ғана емес, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан да үлкен маңызға ие. Бұрын көмір жағып, отын жарып, күл шығару сияқты күнделікті машақаттарға тап болып келген тұрғындар енді табиғи газдың игілігін көретін болды.

Ауыл тұрғындары үшін газға қосылу – тек қолайлылықтың артуы емес, сонымен қатар денсаулық пен қауіпсіздіктің кепілі. Сондай-ақ, қатты отын бағасының тұрақсыздығы мен қыс мезгіліндегі көмір тапшылығы сияқты мәселелер де өз шешімін табады. Хайдар ауылындағы тұрғындар да осыны қуана айтуда. Олар газ жүйесінің келуімен бірге өмір сүру деңгейінің жаңа сатыға көтерілгенін жеткізді.

Тағы бір айтары, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында халықты таза ауыз сумен қамту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Осы бағытта Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Атакент кентіндегі ауыз су жүйелерінің қайта құру жұмысымен танысты.

Атакент кентінің 2-бөлігі мен Өркениет елді мекенінде ауыз су жүйелерін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2 млрд 881 млн теңге бөлінген. Жобаның жалпы құны – 3 млрд 532,1 млн теңге. Құрылысты мердігер мекеме – «Радикон» ЖШС жүзеге асыруда.

Нысан құрылысы 2026 жылға өтпелі болғанымен, бүгінгі күнге дейін жұмыс көлемінің 65 пайызы орындалып қойды.

Қазіргі таңда сыйымдылығы 1000 м³ болатын 2 дана су резервуарлары орнатылды. Тереңдігі 275-280 метр болатын 2 дана ұңғыма қазылды. 320 метр қоршау, 1 бақылау-өткізу пункті (КПП) және 1 дана насос станциясы салынды. Диаметрі әртүрлі болатын полиэтилен құбырлары төселді.

Бұл жобаның іске асырылуы нәтижесінде Атакент кенті мен Өркениет елді мекенінің тұрғындары таза және тұрақты 24 сағат бойы ауыз сумен қамтылады. Аудан басшысы құрылыс сапасы мен мерзімінің сақталуын басты назарда ұстау қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, ауданда елді мекендер 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Дегенмен ауыз су жүйелерінің тозығы жеткен 10 елді мекенге қайта құру жұмыстарын жүргізу қажет етеді. Атакент кенті мен Өркениет елді мекені аталған 10 елді мекеннің қатарында еді. Келесі жылдың соңына дейін қалған елді мекендердің де ауыз су жүйелері жаңғыртылып, ауданда ауыз су мәселесі толығымен шешу жоспарлануда.

Фото: Мақтаарал Ауданы Әкімдігі

Tags: бюджетинфрақұрылымдық жобалартабиғи газбен қамтамасыз етуТүркістан облысы Мақтаарал ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қаржылық тәртіпті күшейтіп, көрсеткіштерге уақытылы қол жеткізу қажет

Қаржылық тәртіпті күшейтіп, көрсеткіштерге уақытылы қол жеткізу қажет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетеді

Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетеді

1 год ago
Президент «Зерде» холдингін реформалауды тапсырды

Президент «Зерде» холдингін реформалауды тапсырды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In