• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Мақсат – жастардың бизнеске қызығушылығын арттыру

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында, жастар көп шоғырланған орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы үнпарақтар тарқатты.

by Jasyn
10/12/2024
in • Жастар саясаты
0
Мақсат – жастардың бизнеске қызығушылығын арттыру
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Іс-шараның мақсаты – жастарға мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау мәселелері бойынша кеңес беріп, жұмысқа орналастыру, кәсіптік бағдар беруге дайындау туралы ақпараттандыру болып табылады. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Оларды еңбекпен қамтитын түрлі шаралар жүзеге асырылып, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастарға қолайлы мүмкіндіктер алаңы ашылуда. Білім алып, белгілі бір маман иесі атанған және өз кәсібін ашып, шаруасын ілгері жылжытуға ниеттенген жастар үшін мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстары мол болмақ.

Жастардың жұмыссыз болмауы ел үшін өте маңызды. Себебі бос жүрген адам түрлі жаман әдеттерге бой алдыруы мүмкін. Сонымен бірге жұмыссыз азамат отбасына да мемлекетке де масыл болады. Олай болмас үшін Үкімет пен жергілікті әкімдік жастардың мейлінше жұмыспен қамтылғанын қалайды. Сол үшін де көптеген маңызды шаралар мен бағдарламалар қабылдап соларды іске асырып жатыр.

Бүгінгі таңда қоғамда ең маңызды мәселе – жұмыссыз қалмау, яки бір кәсіппен шұғылданып сол арқылы өз отбасын асырау. Мемлекеттің даму мақсатында көздейтін басты қағидасы да осы. Яғни қоғамда адамдар жұмыссыздыққа ұрынбай, еңбек етіп тұрақты табыспен отбасын асырап, мемлекетке пайда келтіруі керек. Әлеуметтік қиындық көп жағдайда қоғамда тұрақсыздық пен дүрбелең тудырады. Үнемі әлеуметтік қайшылықпен өмір сүрген мемлекет дамымайды. Бүгінгі таңда жұмыссыз жас азамат еңбекпен қамту орталығына барып тіркеледі. Орталық мамандары әрі қарай ол жасты жұмыспен қамтуға барынша жағдай қарастырады. Тіпті мамандығын ауыстырып, жаңа кәсіп игеру қажет болса қосымша жұмысшы мамандықтары бойынша арнайы курстарда оқытады. Рас, осы күнде елімізде жұмысшы мамандықтары өте қажет.

Осы ретте, мысал ретінде «Zhas Project» бағдарламасын айтып өтсек болады. Жалпы ол әлеуметтік жобалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру арқылы осал топтарды, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жастарды қолдауға бағытталған бірегей жоба.  Аталған жоба жастарды қоғамға тартуға, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене араласуына және нәтижелі жұмыспен қамтылуға көмектеседі. Ол министрліктің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысы бойынша іске асырылып жатқан бастама. Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау және Түркістан облыстарында Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде пилоттық режимде іске қосылған болатын.

Жобаның негізгі мақсаты – жастардың, әсіресе осал топтардың дамуына жағдай жасауды, олардың бизнеске қызығушылығын арттыруды, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өркендеу жолында практикалық маңызды идеялары мен жобаларын қолдауды, сондай-ақ қатысушыларды әлеуметтік кәсіпкерлік және кәсіби өсу бойынша жаңа білім дағдыларына үйретуді көздейді. Жоба аясында жастардың әлеуметтік бастамаларын қолдауға осы күнге дейін жүздеген грант бөлінді. Әрбір шағын гранттың сомасы бір миллион теңге шамасын құрады. Жоба іске асырылатын өңірлерде үкіметтік емес ұйымдардың базасында жұмыс істейтін, конкурстық негізде іріктелген жобалау кеңселері құрылды. Ал жастарға берілетін гранттар жабдықтар, шығын материалдарын сатып алуға, мамандардың қызметтерінің ақысын төлеуге, орынжайларды жалға алуға және тағы басқа шығындарды жабуға арналады.

Өз кезегінде «Жастар практикасына» қатысқысы келген азамат жұмыспен қамту орталығына барып тіркеліп, өтініш береді. Орталық мамандары қатысудың шарттарын, қандай жұмыс орындары барын, бағдарлама ережелерін түсіндіреді. Дегенмен оның шарттары әр өңірде әртүрлі болуы мүмкін. Мемлекеттік қызметтен бастап жекеменшік компаниялар мен зауыттарға дейін бос жұмыс орындары қарастырылады. Әрине бұл жерде жас азаматтың мамандық бойынша бағыты мен мамандық атауы бірінші кезекте ескеріледі. «Жастар практикасына» келген азаматтың өзі де қай мекемеде тағлымдамадан өткісі келетінін айтып, өтініш білдірсе болады. Құдайға шүкір, өңірлерде оның ішінде Қазығұрт ауданында «Жастар практикасымен» жұмысқа қабылдайтын кәсіпорын мен мекемелер саны жетерлік.

Фото: Kyzylorda-news.kz

Tags: жастар және бизнесЖастарды қолдаужұмыссыз жас азаматтар
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жалақы 600 мың теңге… бірақ жұмыс істеймін деген адам аз

Жалақы 600 мың теңге... бірақ жұмыс істеймін деген адам аз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

В Таразе задержан мужчина, продавший арендованные машины

В Таразе задержан мужчина, продавший арендованные машины

2 года ago
За месяц жамбылскими полицейскими из незаконного оборота изъято 60 единиц оружия

За месяц жамбылскими полицейскими из незаконного оборота изъято 60 единиц оружия

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In