• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Маңғыстаудың бас дәрігері сотталды

by Jasyn
06/03/2024
in Без рубрики
0
Маңғыстаудың бас дәрігері сотталды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ақтау қалалық соты Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сотта анықталғандай, Ж.Жаманбаева Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған уақытта белгіленген лауазымдық міндеттері мен шектеулерге қарсы әрекет ете отырып, 2020 жылы тамыз айында «Covid-19» инфекциясының республика аумағында кең таралуына сай, тиісті қаржы бөлінбестен бұрын, 222 000 000 теңгеге «Сentropharm» ЖШС-мен 6 дана жылжымалы рентген аппараттарын бір көзден сатып алу туралы шарт жасасқан. Аппараттарды сатып алу үшін 2020 жылғы бюджеттік жоспарға нарықтық құнынан жоғары бағамен бюджеттік өтінім дайындап, облыстық маслихатқа медициналық жабдықтарды сатып алу үшін қаржы бөлу туралы ұсыныс білдірген. Нәтижесінде қалалық маслихаттың шешімімен аталған қаржы бөлінген.
Алайда мемлекеттік мекемелерді материалды-техникалық қамтамасыз ету талаптарына сай облыстық қазынашылық департаментінен келісімшарт тіркеуден өтпеген.
Осыдан соң Ж.Жаманбаева бағынышты медициналық мекемелер арқылы сатып алу мақсатында аудандық емхана директорларына «Сentropharm» ЖШС-мен жылжымалы рентген аппараттарын бір көзден сатып алу тәсілімен келісімшарт жасауды талап еткен. Осылайша Ж.Жаманбаева әрбір жылжымалы рентген аппараттарын заңсыз жоғары бағамен сатып алуға ықпал ету арқылы мемлекетке барлығы 29 540 000 теңге залал келтірген. Сотталушы сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде кінәсін мойындап, келтірілген шығынды өтеп, кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімге келген.
Басты сот талқылауында сотталушы кінәні мойындау туралы процестік келісімді толықтай қолдайтынын және іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді дауламайтынын айтты. Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының кәмелетке толмаған балаларының барын, жұмыс орнынан жағымды мінездемесін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қабылдады.
Сот үкімімен Ж.Жаманбаева ҚР ҚК-нің 361-бабы 4 бөлігінің 3) тармағымен кінәлі деп танылып, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
42 жастағы алматылық екпеден соң қайтыс болды деген күдік бар

42 жастағы алматылық екпеден соң қайтыс болды деген күдік бар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«ART Sport» бағдарламасы — жалған мәліметтер ұсынып, бюджеттен артық қаржы алған

«ART Sport» бағдарламасы — жалған мәліметтер ұсынып, бюджеттен артық қаржы алған

1 месяц ago
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In