• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Қоғам

Мәжілісте мүгедектігі бар жандардың зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі көтерілді

бойынша Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Мәжілісте мүгедектігі бар жандардың зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі көтерілді
0
Бөлісу
0
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жамбыл Ахметбеков мүгедектігі бар жандардың зейнетке шығу жасын төмендету мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жылдар бойы Қазақстан Халық партиясының депутаттары мүгедектігі бар адамдардың проблемалық мәселелерін көтеріп, оларды шешу бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Өткен жылдың сәуір айында біз мүгедектігі бар адамдар үшін зейнет жасын төмендету туралы мәселе көтердік. Мүгедектігі бар қазақстандықтардың еңбек етуге құқығы бар және олардың кейбіреулері зейнет жасына жеткеннен кейін жұмысын жалғастырғысы келеді. Дегенмен мұндай адамдар аз. Зейнетке шығу қарсаңындағы мүгедектігі бар адамдарға жұмыс істеу денсаулығына байланысты физикалық қиындық туғызады. Бұрынғы Үкімет мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасы төмендеген кезде тағайындалған ынтымақты зейнетақы мөлшері мүгедектік бойынша ай сайынғы жәрдемақыдан төмен болады деп жауап берді. Неліктен зейнетақы жүйесін мүгедектігі бар адамдар үшін ерекше жағдай жасауға өзгертпеске?», — деді Ж. Ахметбеков Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.

Оның пайымынша, мүгедектігі бар зейнеткерлер міндетті түрде зейнетақыны да, мүгедектігі бойынша жәрдемақыны да алуы тиіс.

«Біздің елде құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері ғана зейнетке ерте шығады. Мүгедектігі бар қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз етуде осындай тәсіл қолданылуға тиіс деп есептейміз. Біз азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қабылдануға тиіс шаралар мен шешімдер туралы айтқанда Үкімет әдеттегідей: «Бұл – бюджетке қосымша ауыртпалық әкеледі» деп жауап береді. Бұл тәсілге қарсы бірнеше объективті дәлел бар. Біріншіден, Қазақстанда жұмыс істейтін зейнет жасындағы мүгедектердің саны 3 мың адамнан аз. Жұмыс істейтін 50 мың мүгедектің орташа жасы 45 пен зейнет жасы аралығын құрады. Яғни олардың саны көп емес», — деді депутат.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып және ел Президентінің бастамаларын қолдау мақсатында Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары:

1. Мүгедектігі бар адамдар үшін зейнетақы жасын төмендетуді;

2. Мүгедек адамдар ұйымдарының міндетті түрде қатысуымен мүгедек адамдардың зейнетке шығу жасын төмендетудің және айқындаудың нақты өлшемдерін (мүгедектік тобын, денсаулық жағдайын, ауруын, еңбек сипатын және т.б. ескере отырып), сондай-ақ мүгедек адамдардың мүддесіне сай келетін зейнетақымен қамсыздандыру тетігін әзірлеуді;

3. Мүгедектер проблемасын, оның ішінде жұмыс істейтін мүгедектер жасының еңбекке қабілеттілігіне әсері туралы қажетті ғылыми зерттеу жоспарын даярлауды;

4. «Мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарға» мүгедек адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру, статистикалық деректерді жинау және мүгедектік мәселелерін ғылыми зерттеу, мүгедектік саласындағы жұмысы тиімділігінің индикаторларын әзірлеу бөлігінде пысықтау енгізуді;

5. Әзірленіп жатқан әлеуметтік Кодекске мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендету мәселесін енгізуді ұсынады.

 

Jasyn

Jasyn

Келесі пост
Депутаттар утиль жинау алымына мораторий жариялауды сұрады

Депутаттар утиль жинау алымына мораторий жариялауды сұрады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысында 10 су қоймасы жөнделіп, 8-і жаңадан салынбақ

Жамбыл облысында 10 су қоймасы жөнделіп, 8-і жаңадан салынбақ

4 года бұрын
Ернар Баспаев Президент көмекшісі болып тағайындалды

Ернар Баспаев Президент көмекшісі болып тағайындалды

4 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In