• RU
Воскресенье, 18 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот үкімі шықты

Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің ісі қаралды.

by Jasyn
13/05/2025
in Топ
0
Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот үкімі шықты
0
SHARES
57
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұратындықтан мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін болды.

— Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 14 жасар К.-ге қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулысы бар қылмыстық іс келіп түсті. Сот К.-ның II топтағы мүгедек екенін, психоневрологиялық диспансерде есепте тұра отырып, 2025 жылғы 11 ақпанда тұрғын үй кешенінің лифтінде болған кезде кәмелетке толмаған адамға яғни Е.-нің денесіне зақым келтіріп, оның бетіне пышақпен жарақат салғанын анықтады, — делінген сот хабарламасында.

Сот психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес жасөспірім созылмалы психикалық аурудың салдарынан, әрекет кезеңінде өзінің іс-қимылының нақты сипаты мен әлеуметтік қауіптілігін түсінбеген және оларды басқара алмаған, психикалық жағдайы бойынша өзіне және қоғамға қауіп төндірген.

Ол мәжбүрлеп емдеуді қажет етеді.

Қылмыстық кодекстің 16-бабының талаптарына сәйкес, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған уақытта есі дұрыс емес күйде болған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

Есі дұрыс емес деп танылған адамға сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.

— Сот қаулысына сәйкес, К.-ге Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мекемеде стационарлық мәжбүрлеп емдеу тағайындалды, — деп хабарлайды сот.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Фото: SN.kz

Tags: баланы пышақтаған жасөспірімнің ісіқылмыс
Jasyn

Jasyn

Next Post
Алғашқы тоқсанда жалақының ең көп өсуі қай өңірде байқалды?

Алғашқы тоқсанда жалақының ең көп өсуі қай өңірде байқалды?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Келешекке арналған жоба

Келешекке арналған жоба

8 месяцев ago
Мәскеуде Томирис Байсафаның өліміне күдікті ақталып шықты

Мәскеуде Томирис Байсафаның өліміне күдікті ақталып шықты

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In