• RU
Четверг, 14 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдау қоғамдағы инклюзия ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау

Лицензия алмай арнаулы қызметтер көрсетуге тыйым салынған

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау енгізілді. Лицензиялауды енгізу арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту кезеңдерінің бірі болып табылады.

by Jasyn
07/08/2025
in • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдау қоғамдағы инклюзия ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау
0
Лицензия алмай арнаулы қызметтер көрсетуге тыйым салынған
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысында бүгінгі күні 38 арнаулы қызмет көрсететін ұйымдар лицензияланды. Оның ішінде 22-сі мемлекеттік мекемелер болса, 16-сы үкіметтік емес ұйымдар. Жалпы қызмет алушылардың саны 4317 адам.

Лицензия алған ұйымдардың 7-уі толық стационар, 15-і жартылай стационар, 4-і уақытша болу, 14-і үй жағдайында қызмет көрсететін ұйымдар. Сондай-ақ, лицензия алып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіп жүрген белсенді үкіметтік емес ұйымдар ішінде “Мүгедектігі бар жастар қоғамы”, “Сезім мүгедектер қоғамы”, “Жамбыл облысы мүгедектерді әлеуметтік қорғау”, «Элай-Құлан», «Амина» және «Жуалы» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығы қоғамдық бірлестіктерді атап өтуге болады.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Аслан Оразбековтың айтуына қарағанда лицензиялауды енгізу арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметті алушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға кепілдік беруге, арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдар үшін бірыңғай стандарттарды белгілеуге бағытталған.

Тағы бір айтары, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық меншік нысанындағы ұйымдар лицензияланады. Ал, лицензия алудың негізгі шарттарына санитарлық нормалар мен Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келетін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге жарамды ғимараттың болуы, материалдық-техникалық базаның және қызметкерлер құрамының болуы және халықтың жүріп туруы шектеулі топтары үшін ғимараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және басқалар кіреді.

Лицензия алуға өтінімді арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық ұйымдар (меншік түріне қарамастан) Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) арқылы беріледі, яғни толық цифрландырылған.

Бұл тұста назар аударатын бір мәселе, лицензиялау көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, мүгедектігі бар адамдарды және көрсетілетін қызметті алушылардың өзге де санаттарын әлеуметтік оңалтудың тиімділігін көтеру үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етеді.

Стандарттарға сәйкес арнаулы әлеуметті қызметтер көрсетудің бірнеше түрі бар, мысалы, стационарлық жағдайда қызмет көрсету, жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсету, уақытша болу түріндегі қызметер көрсету, үй жағдайында қызметтер көрсету. Лицензия алмай арнаулы қызметтер көрсетуге заңмен тыйым салынған.

— Лицензиялаудың екінші міндеті – қызмет көрсетуді жан басына шаққандағы тариф бойынша қаржыландыру. Яғни, әлеуметтік қызметкерлер нақты айлыққа емес, көрсеткен қызметінің көлеміне қарай ақы алатын болады. Облысымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетемін дейтін жаңа ұйымдарға айтатыным, ең бірінші ол ұйымның штаты, талапқа сай ғимараты, қызмет көрсетуге қажетті құралдары, тиісті медициналық лицензиялары болуы шарт, — дейді бұл жөнінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Аслан Оразбеков.

Қалай айтсақ та арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау қызмет көрсету сапасын жақсартуға жағдай жасайды және осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға, сондай-ақ, лицензиялау көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, мүгедектігі бар адамдарды және көрсетілетін қызметті алушылардың өзге де санаттарын әлеуметтік оңалтудың тиімділігін көтеру үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етуде.

Фото: Kursiv Media

 

 

Tags: арнаулы әлеуметтік қызметтерӘлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz)әлеуметтік қызметтерді лицензиялауЕңбек және әлеуметтік қорғау комитеті
Jasyn

Jasyn

Next Post
Әлеуметтік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады

Әлеуметтік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Пандемиядан кейінгі той-бизнес: Отандық әншілердің тойда ән айту құны қалай өзгерді

Пандемиядан кейінгі той-бизнес: Отандық әншілердің тойда ән айту құны қалай өзгерді

4 года ago
Елімізде екі билік орталығы болды ма?

Елімізде екі билік орталығы болды ма?

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In