• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home ковид

Коронавирустың «Омикрон» штамы Ұлыбританияда 2 адамнан табылды

by Jasyn
06/03/2024
in ковид
0
Коронавирустың «Омикрон» штамы Ұлыбританияда 2 адамнан табылды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Коронавирустың жаңа штамы Оңтүстік Африкадан бөлек, «Омикрон» Бельгия, Израиль, Ботсван және Гонконгте табылды. Сенбі күні жаңа нұсқаның анықталғаны туралы Чехия мен Германия жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, вирустың жаңа мутациясы Ұлыбританияда екі адамнан табылды, деді елдің денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид. Оның айтуынша, екі жағдай да өзара және Африкамен байланысты. Науқастар қазір үйлерінде оқшауланып жатыр. Ел премьері Борис Джонсон «Омикрон» түрінің тез таралатынын мәлімдеді. Израиль үкіметінің жауапты министрлері сенбі күні «Омикрон» нұсқасымен күресу тәсілдерін талқылады, деп хабарлады «Гааретц» газеті.

Бүгінде Израильде Малавиден келген әйелдің «Омикрон» жұқтырғаны анықталған. Тағы жеті науқас осы штамм жұқтыруы мүмкін деген қауіп тудыруда, деді сенбі күні денсаулық сақтау министрлігінен. Олардың төртеуі таяуда шетелде болған. Бірінші кезеңде елге кіретін израильдіктер үшін үш күндік карантин мен екі міндетті тест енгізу туралы шешім қабылданды. Бірін — елге келгенде, екіншісін 72 сағаттан кейін тапсырады. Шетелдіктерге елге кіруге уақытша шектеу қойылды. Чехияның Либерец қаласындағы ауруханада «Омикрон» жұқтырған бір науқас табылды, деп мәлімдеді аурухана өкілі Вацлав Рикар. «Менің генетика мен молекулярлық диагностика бөліміндегі әріптестерім 90% ықтималдылықпен бұл штаммды секвенсинг арқылы растап отыр», — деді ол.

Сенбі күні Чехия премьері Андрей Бабиш журналистерге әйелдің таяуда Намибияда болғанын, Чехияға ОАР мен Дубай арқылы оралғанын айтты. «Науқастың қайдан келгенін есепке ала отырып, бұның сол штамм екеніне шүбәміз жоқ», — деді Рикар.

Жұма күні кешке Ресей 28 қарашадан бастап Оңтүстік Африка, Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Эсватини және Танзания, сондай-ақ Мадагаскар мен Гонконг азаматтарының кіруіне шектеу қойғаны белгілі болды. Осыған ұқсас шараларды бірнеше еуропалық мемлекеттер мен Ұлыбритания енгізді (сенбіде Лондон тағы да «қызыл тізімді» кеңейтіп, оған Ангола, Замбия, Малави және Мозамбик кіргізді).

Дүйсенбіден бастап АҚШ Африканың бірнеше елінен ұшуға тыйым салды. Вирустың жаңа нұсқасы туралы мәлімдемесінде президент Джо Байден Дүниежүзілік сауда ұйымын ковидке қарсы вакциналарға патент алып тастауға шақырды.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Түскі ұйқыдан соң оянбады: Талғардағы 4 жасар қыздың оқиғасына қатысты жаңа деректер шықты

Түскі ұйқыдан соң оянбады: Талғардағы 4 жасар қыздың оқиғасына қатысты жаңа деректер шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Спортта да, өнерде де мерейлері үстем

Спортта да, өнерде де мерейлері үстем

6 месяцев ago
Бердімұхамедов Тоқаевқа Ахалтеке арғымағы мен түрікмен тазысының күшігін сыйлады

Бердімұхамедов Тоқаевқа Ахалтеке арғымағы мен түрікмен тазысының күшігін сыйлады

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In