• RU
Среда, 17 сентября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Коммерциялық іс-шараларға полиция емес, күзет ұйымдары жауап беруі керек

Биыл Қазақстанға әйгілі әнші Дженнифер Лопес келіп, Астана мен Алматы қалаларында концерт өткізді. Ресми деректерге сүйенсек, Астанадағы концертке шамамен 1300 полиция қызметкері жұмылдырылса, Алматыдағы шарада – 2240 полицей, 600 әскери қызметші, жеке күзет және волонтерлерді қосқанда жалпы 3 мыңға жуық адам тартылған.

by Jasyn
15/09/2025
in Қоғам
0
Коммерциялық іс-шараларға полиция емес, күзет ұйымдары жауап беруі керек
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Премьер-министрге жолдаған сауалында соңғы кездері елімізде жиі өткізіліп жүрген ірі коммерциялық концерттер мен шоу-бизнес шараларына мыңдаған полиция қызметкерлерінің тартылуы қоғам тарапынан көптеген сұрақтар туындатып жатқанын жеткізді.

Енді 2025 жылғы 30 қыркүйекте Алматыда тарихи футбол матчы өтеді. «Қайрат» клубы әлемнің атақты «Реал Мадрид» клубын қабылдайды.  Бұл шараға байланысты Алматы қаласы бойынша Полиция департаментінің баспасөз қызметі алдын ала 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері мен 300 Ұлттық ұлан сарбазы жұмылдырылатынын мәлімдеді.

«Коммерциялық ұйымдар табыс табу мақсатында концерт өткізеді, ал қауіпсіздікті қамтамасыз ету – олардың тікелей жауапкершілігі болуы тиіс. Мемлекет өз ресурсын тегін жұмсауы орынды емес, бұл құқық қорғау жүйесінің беделіне де, халықтың сеніміне де нұқсан келтіреді. Бүгінде елімізде 4 мыңға жуық жеке күзет ұйымдары бар, онда шамамен 100 мың кәсіби күзетші еңбек етеді. Бұл ұйымдардың коммерциялық көпшілік іс-шараларда қауіпсіздікті толық қамтамасыз етуге жеткілікті ресурстары бар. Сондықтан мұндай жұмыстарды жеке секторға жүктеп, ал жалпы үйлестіру мен бақылауды Ішкі істер министрлігінің құзыретінде қалдыру қажет деп санаймыз» дейді Мәжіліс депутаты.

Сондықтан коммерциялық сипаттағы көпшілік іс-шараларда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін кезең-кезеңімен жеке күзет ұйымдарына жүктеу қажет.

Фото: Inbusiness.kz

Tags: Дженнифер Лопес Қазақстандажеке күзет ұйымдарыіс-шараларда қауіпсіздікті толық қамтамасыз етуКоммерциялық іс-шаралар
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Асыл мекен» ауыл ипотекасы басталмай жатып тоқтап қалды

«Асыл мекен» ауыл ипотекасы басталмай жатып тоқтап қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Темекі бұйымдарын жасырып алып өтпек болған

Темекі бұйымдарын жасырып алып өтпек болған

2 года ago
«Тізімде әкімдік өкілдері бар»: Шымкенттіктер «7-20-25» бағдарламасының талаптары сақталмағанына шағымданды

«Тізімде әкімдік өкілдері бар»: Шымкенттіктер «7-20-25» бағдарламасының талаптары сақталмағанына шағымданды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In