• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

Көкпар мен қымыз ЮНЕСКО-ның тізімінде көршілеріміздің еншісіне жазылып кетті

2014 жылға дейін елімізде 17-асыл тұқымды жылқы заводтары мен 156-асыл тұқымды шаруашылықтар қызмет жасаған екен. Кейіннен бұл шаруашылықтардың көпшілігі жойылып кетті.

by Jasyn
01/07/2024
in Енді не істейміз?, Топ
0
Көкпар мен қымыз ЮНЕСКО-ның тізімінде көршілеріміздің еншісіне жазылып кетті
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Яғни, жылқы шаруашылығын өркендету мәселесі көп уақыттан бері Үкімет назарынан тыс қалып қойды. Нарықтық қатынастарға орай, жылқыларды ұстап-бағу түрлі қиындықтарға тап болды.

Кеңес Одағы кезінде Қазақстан өз атын ат спортының тарихында ойып тұрып бекітті. Екі олимпиадалық бәйгенің жеңімпазы (1960, 1964 ж), бірегей Ахалтеке айғыры Абсент Жамбыл облысының Луговой жылқы зауытында өсірілген.  Кейінірек, 1983 жылы «Алма-Ата» колхозындағы Лойна деген тұлпарымыз Бүкілодақтық жарыстарда бірінші орындарды берген емес.

Бүгінде Республикалық палатада тіркелген асыл тұқымды жылқылардың басым бөлігі өнімділік бағытындағы, жүк тартатын жегіске арналған жылқылар болып отыр, ал мініс және мініс-жегін жылқы түрінен 290 бас қана қалды.

— Біздің елімізде Қостанайлық жылқыдан  басқа да асыл тұқымды жылқылар көп болған, — дейді бұл жөнінде сенатор Әли Бектаев. — Жылқы мамандарының пікірі бойынша, қазақтың жылқы тұқымының ерекшелігі олардың минус 40-тан плюс 40 градусқа дейінгі температураға оңай шыдайтынында. Бұл ерекшеліктер біздің ауылшаруашылығы ғылымының алдында жылқыларымыздың генофондын терең зерттеп, генін анықтап, селекциялау міндеттерін жүктейді. Жылдар бойы табиғи сұрыпталып жеткен жылқы тұқымын асылдандырып, оны ықылым заманнан бері «Қазанат» деген атаумен танылған қазақ брендті ретінде қайта жаңғыртуға біздің толық мүмкіндігіміз бар. Сондықтан, асыл тұқымды жылқылардың қасиетін жоғалтпау үшін оларды іріктеудің қатаң критерийлері мен ережелерін нақтылап, бекіту керек.

Саланы дамытуға ат салысып, ата кәсіпті жалғастырамыз десек, арнайы мамандар дайындау қажеттігі де көп айтылып жүр. Республика бойынша жылқы шаруашылығымен айналысатын 17 ғана ғалым бар екен.

Спорттық жылқы шаруашылығында мал дәрігерлері мен жаттықтырушылардың, жылқы баптайтын мамандардың тапшылығы тағы бар. Әсіресе атбегілерге арнайы ынталандыру шараларын қарастыру аса маңызды мәселе.

Өкінішке орай, ата-бабамыздан аманат етіп қалдырған ұлттық қазыналарымызды қажетті деңгейде сақтап, қорғай алмай келеміз. Ұлттық тағамдарымыз бен ойындарымыз шетелдіктердің иелігіне өтіп жатыр. Мысалы, қазақтың дәстүрлі «Көкпар ойыны» мен ұлттық сусыны қымыз да ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізімінде көршілеріміздің еншісіне жазылып кетті. Біз туризмді дамытамыз, елімізді әлемге танытамыз десек, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызға дұрыстап иелік етуіміз керек.

Олай болса, ат жалын тартып өскен халқымыздың символына айналған тұлпарларымыздың генофондын нақты анықтап, санын көбейтіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыру ұлтымыздың басты міндеті деп есептеймін.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды қорғап, мақұлдаған болатын.

Tags: «Қазанат» қазақ брендтіасыл тұқымды жылқыларасыл тұқымды шаруашылықтарқазақтың дәстүрлі «Көкпар ойыны»қымыз ЮНЕСКО
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда қанша электромобиль тіркелген?

Қазақстанда қанша электромобиль тіркелген?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

ЖЕМҚОРЛАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫНА САЛЫНЫП ЖАТҚАН МЕКТЕП ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ОРДАСЫНА АЙНАЛҒАНЫ МА?

ЖЕМҚОРЛАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫНА САЛЫНЫП ЖАТҚАН МЕКТЕП ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ОРДАСЫНА АЙНАЛҒАНЫ МА?

1 год ago
Жалған вакцинация паспортын алғандар қайтадан екпе салдыра ала ма: Министрлік жауабы

Жалған вакцинация паспортын алғандар қайтадан екпе салдыра ала ма: Министрлік жауабы

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In