• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Көкшетауда оқушыларға бәзбіреулер «Кальмар ойынын» ойнауды ұсынған

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Көкшетауда оқушыларға бәзбіреулер «Кальмар ойынын» ойнауды ұсынған
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазнетте танымал Оңтүстік кореялық «Кальмар ойыны» телехикаясына негізделген ойын пайда болды. Көкшетаулық мектеп оқушыларына қатігез ойынды ойнау туралы ұсыныс түскен. Бұл туралы қаланың білім бөлімі Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Кальмар ойыны» сериалы Netflix стримингтік жүйесінің тарихында ең көп қаралым жинаған туынды болып отыр. Оны жарияланған күннен бастап 111 млн аккаунт көрген. Туындыда қаржылық қиындықтарға тап болып, жантүршігерлік ойындарға қатысу үшін аралға аттанған адамдар хикаясы көрсетілген.

Көкшетау қаласы білім бөлімінің хабарлауынша, ересектер ақша үшін балалар ойынын ойнайтын «Кальмар ойыны» фильмінің асқан танымал болуы көпшіліктің еліктеуіне әкеп соқтырған.

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желіде осыған ұқсас ойын пайда болған, алайда оны ойнауды ересектерге емес, мектеп оқушыларына ұсынып жатыр.

«WhatsApp қосымшасында ойын ойнау туралы ұсыныс немесе белгісіз адамдар әртүрлі телефон нөмірлерінен қоңырау шалып, «Кальмар ойынын» ойнауды ұсынатын хабарлама келеді. Мұндай фактілер Көкшетауда тіркелді», — деп хабарлады ведомство.

Осыған байланысты білім бөлімі оқушылардың ата-аналарына үндеу жасады.

«Балалардың осы сериалды көруіне шектеу қойып, оларға ойын мен манипуляцияның айырмашылығын түсіндіруіңізді сұраймыз. Оларға қолдануы мүмкін сөздерді үйретіңіздер. Мәселен, «Жоқ, мен мұндай ойындарға қатыспаймын», «Бұл қатігез ойын, ол маған ұнамайды». Осындай фактілер анықталған жағдайда 102 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз. Аталған мәселе Көкшетау қаласы полиция басқармасының бақылауында», — деді білім бөлімі басшысының орынбасары Айнұр Мусина.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Коронавирус: Қазақстан «жасыл» аймаққа өтті

Коронавирус: Қазақстан "жасыл" аймаққа өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жастар кәсіпкер болғысы келеді, бірақ неден бастау керек?

Жастар кәсіпкер болғысы келеді, бірақ неден бастау керек?

10 месяцев ago
Дәурен Абаев: Кедейлік – үкім де, таңдау да емес

Дәурен Абаев: Кедейлік – үкім де, таңдау да емес

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In