• RU
Понедельник, 4 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Ерекше қажеттілігі бар адамдарға құрметпен қарау

«Кітапхана оқырмандары» чаты жұмыс істейді

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы жұмысының жандануына инклюзиялық бағыттағы 15 жоба оң нәтижелерін көрсетіп келеді.

by Jasyn
29/07/2025
in • Ерекше қажеттілігі бар адамдарға құрметпен қарау
0
«Кітапхана оқырмандары» чаты жұмыс істейді
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Шынында қазіргі заманғы кітапханалар ақпарат пен құжаттарға сұранысты қанағаттандыру үшін оқырмандардың барлығына дерлік қолжетімді болу керек» дейді бұл жөнінде Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары Толқын Кузенова.

«23 сәуір – Ұлттық кітап күні» және  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 28 қаңтарда көру қабілеті нашар адамдарға кітаптар мен басқа да баспа материалдарына қол жеткізуге кедергі келтіретін құқықтық кедергілерді жоюға бағытталған Марракеш шартын ратификациялау туралы заңына сәйкес заманауи технологияларды пайдалана отырып, зағип жандарға электрондық кітапханаларға қолжетімділікті арттырып, оқырмандарға «Мобильді кітапхана» тақтасын арнайы зағиптар орталықтарына орнатты.

Жас деңгейіне қарай 50 атау түрінен қойылған мобильді кітаптар қазақ және орыс тілдердегі шығармалар жинағы кітапхананың арнайы аудиостудиосында жазылып, мобиьлді тақтаға QR – кодтар арқылы еңгізілді.   Аталған жобаның ерекшелігі ұсынылған әдебиеттер оқырман сұранысына қарай және ай сайын ауысып тұрады.

Жобаның тиімділі арнайы мекемеге келген оқырман және мектеп оқушылары еш кедергісіз қалаған шығармаға қол жеткізе алады және сөреде көрсетілген мекен-жәй арқылы тыңдағысы келетін шығармаға ұсыныс немесе тапсырыс бере алады, солай кітапхана оқырмандары қалыптасып келеді. Республика бойынша алғашқы болып мүмкіндігі шектеулі зағип балалар мен жасөспірімдерге 4 форматты инклюзивті (үлкен қаріпте жайпақ баспалы, бедерлі нүктелі Брайль қарпінде, бедерлі графикалық суретті және дыбыстандырылған аудио нұсқада) ертегі кітаптарын шығарды. Ертегілердің барлығы дерлік әріптестеріміз кітапханашылардың  даусымен арнайы кітапханада ашылған аудио студиода жазылған, — дейді Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары Толқын Кузенова.

Сонымен қатар кез келген смартфондардағы мәтіндік хабарландыру, сурет, видео және аудио жөнелтуге болатын WhatsApp мессенджер бағдарламасын пайдалана отырып «Кітапхана оқырмандары» чаты жұмыс істеп келеді. 62 оқырманды қамтитын аталған чатта жұмыс күндерінің таңғы уақытында кітапхана мамандары арнайы шығармаларды нақышына келтіріп дауыстап оқыса, оқырмандар тарапынан сол шығарманың желісі бойынша кері байланыс орнатылып, оқылған шығарма кешкі уақытқа дейін өз ара пікір таласпен  әдеби  дискуссиялармен талқыланады. Нәтижесінде біз бір күнде оқырмандар чаты арқылы 62 оқырманмен сұраныстарына қарай бірнеше әдебиеттерді насихаттаймыз.

«Жамбыл радиосы» арқылы жүзеге асырылып келе жатқан  «Book Fm» жобасы өз нәтижесін жоғарғы деңгейде көрсетіп келеді. Жоба барысында бүгінгі күнге дейін 12 сұхбат пен 82 әңгімелер мен поэзиялар оқылған. «Жамбыл радиосының» 100,8 FM толқынында таратылатын шығармалар, тыңдармандардың әдебиетке деген қызығушылықтарын арта түсуде.

Кітапханашылардың біліктілігін көтеру мақсатында кітапханшылар арасында «Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогтардың негізігі міндетін қалыптастыру» семинар-практикум өткізілді. Нәтижесінде облыстық орта мектептердің  кітапханашыларымен педагогтары икнлюзиялық жұмыс түрлерімен танысты.

Шығармашыл ұжым Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Рухани қазына – 2025» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестиваліне қатысып «Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған үздік кітапхана» номинациясында бас жүлдеге ие болып, 1 миллион теңге көлеміндегі құнды сыйлыққа ие болды.

Фото: dknews.kz

Tags: «Book Fm» жобасы«Рухани қазына – 2025»Кітапхана оқырмандарымүмкіндігі шектеулі зағип балалар мен жасөспірімдер
Jasyn

Jasyn

Next Post
Брайль қаріпінде 57 дана кітап шығарылды

Брайль қаріпінде 57 дана кітап шығарылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстандық мектептерде өзін-өзі қорғау сабағын енгізу ұсынылды

Қазақстандық мектептерде өзін-өзі қорғау сабағын енгізу ұсынылды

4 года ago
Мақсат – жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту

Мақсат – жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту

9 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In