• RU
Понедельник, 18 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Без рубрики

«Кірісті көбейтіп, салық жүйесіндегі кемшіліктерді жоюды тапсырамын»

Түркістан облысы Сайрам ауданының өзіндік кірістерін ұлғайту жолдары сараланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің аудан, қалаларға жұмыс сапарын жалғастырып, бұл жолы Сайрам ауданындағы бірнеше нысандарды ашып, ел қуанышымен бөлісті.

by Jasyn
05/08/2025
in Без рубрики
0
«Кірісті көбейтіп, салық жүйесіндегі кемшіліктерді жоюды тапсырамын»
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Одан кейін аудан активімен кездесіп, Сайрамды дамыту жолдарын талқылады. Өңір басшысы ауданның әлеуеті толық қолданылмай отырғанын сынға алып, кемшілікке жол берген басшылар мен ауыл округі әкімдеріне жұмысты ширатуды тапсырды. Жауапты тұлғаларға ескерту жасап, олқылық жойылмаса, шара көрілетінін жеткізді.

– Жол жөндеу, инвестиция тарту, кірістер көзін ұлғайту, салық жүйесіндегі кемшіліктерді жоюды тапсырамын. Экономиканы әртараптандыру және жергілікті жобаларды іске асыру – стратегиялық міндет. Мемлекет тарапынан барлық қолдаулар көрсетіліп жатыр. Нақты міндеттерді орындау кезінде ауылдық округ әкімдеріне салғырттыққа жол беруге болмайды. Осыған байланысты, 10 күн ішінде әр ауылдық округ кесіндісінде 2025 жылға жоспарланған жобалар бойынша нақты мерзімдерін көрсете отырып, салалық басқармамен келісіп, Жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Мемлекеттік міндеттерді орындауға салғырт қараған әкімдердің тәртіптік жауапкершілігі қаралатынын қатаң түрде ескертемін, – деген Нұралхан Көшеров «Таза Қазақстан» бағдарламасын сапалы атқару керектігіне де тоқталды.

Айта кетейік, Сайрам ауданында 5 айдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд. теңгеге жетіп, өсім 32,6 пайызды құрады. Жалпы өнімнің 32,9 пайызы ауыл шаруашылығы, 26,8 пайызы өнеркәсіп саласының үлесінде. Биылғы жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемін 354,0 млрд. теңгеге жеткізіп, 13,4 пайыз өсімді қамтамасыз ету жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы саласында 5 айда 37,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 4,1 пайыз деңгейінде болды. Өсімдік шаруашылығында 1,6 млрд. теңгенің, мал шаруашылығында 35,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Жыл басынан 14,9 мың тонна ет, 71,8 мың тонна сүт өндірілді. Жалпы биылғы жылы агроөнеркәсіп кешен саласында өнім көлемін 160,0 млрд. теңгеге жеткізу межеленуде.

Аудан экономикасына 29,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, былтырға қарағанда өсім 2,4 есеге жетті. Тартылған инвестицияның 73,6 пайызы – жеке инвестиция.

Бұл күні Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты Қарасу ауылында бюджет қаражатына салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға тапсырылды. Кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жергілікті тұрғындарға ізгі тілегін жеткізді.

– Өңірде әлеуметтік нысандардың саны артып келеді. Халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Жаңа спорт кешені ауданның спорт саласының дамуына серпін береді деп ойлаймын. Осы ғимараттан ел чемпиондары шыға берсін! – деді аймақ басшысы.

Салтанатты жиында ауыл ақсақалы Ә.Байназар, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, даңқты бокс бапкері М.Айтжанов сөз алып, Мемлекет басшысының және облыс әкімдігінің қолдауына алғыс білдірді.

Заманауи талаптарға сай ғимараттың лентасы қиылып, облыс әкімі ауыл тұрғындарымен бірге спорт кешенін аралап шықты.

Нысанның құрылысын Сайрам аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысымен «НурТехСервис» ЖШС 2023 жылы бастаған. Ғимарат Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен бой көтерді. 2 қабатты нысанның жалпы ауданы – 646 шаршы метр. Кешен 3,2 гектар аумақта орналасқан.

Нысанда спорт залдар, жаттығу залы, киім ауыстыру және жуыну бөлмелері, қоймалар, қызметкерлерге арналған кабинеттер, дәрігер кабинеті, процедуралық бөлмелер қарастырылған. Кешенде жастардың гандбол, баскетбол, волейбол, күрес, бокс, гимнастика, жеңіл және ауыр атлетикамен шұғылдануына барлық қажетті жағдай жасалған. Спорт кешенінде күніне орта есеппен 60–70 адам жаттыға алады.

Фото: Егемен Қазақстан

 

 

 

 

Tags: Жол жөндеуинвестиция тартуНұралхан КөшеровТүркістан облысы Сайрам ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Бюджет кірісі орындалғанымен, қаражат игеру қиын болып тұр

Бюджет кірісі орындалғанымен, қаражат игеру қиын болып тұр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Желіде Роза Рымбаевамен түскен даулы селфи жарияланды

Желіде Роза Рымбаевамен түскен даулы селфи жарияланды

3 года ago
Жас жазушы Аягүл Мантай көз жұмды

Жас жазушы Аягүл Мантай көз жұмды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In