• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Киіктердің мал жайылымына әсері қандай – сарапшы пікірі

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Киіктердің мал жайылымына әсері қандай – сарапшы пікірі
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Батыс Қазақстан облысында соңғы кезде шаруалар тарапынан киіктер көбейіп, олар мал жайылатын жерлерді таптап кетті деген пікір айтылып жатқаны белгілі.

Осыған байланысты Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (ҚБСА) қолданбалы биология орталығының директоры Сергей Скляренко өз ой-толғамын білдірді.

Сергей Львовичтің сөзіне қарағанда, Батыс Қазақстанда киік санының өскені рас. «Бірақ киіктердің малмен өзара араласуы туралы нақты деректер жоқ. Сондықтан бұл жерде қандай да бір өтемақы жөнінде мәселе қозғауға ерте. Өйткені киіктердің саны көбейген кезде олардың жайылымдарға тигізген әсері туралы зерттеулер әлі жоқ», деді С.Скляренко.

Оның айтуынша, қазір ғалымдар арнайы ғылыми зерттеулерсіз киіктердің Орал популяциясы санының өсуіне байланысты жағдай бойынша нақты ештеңе айта алмайды, себебі объективті деректер жоқ. Қазіргі таңда киік санағы жүргізілуде, олардың нақты саны жөніндегі дәл деректер мамыр айының соңына қарай белгілі болады.

«Биыл Батыс Қазақстанда әзірге қуаңшылық байқалмайды. Дегенмен соңғы жылдары бұл аймақта мал жаю жүйесі өзгерді. Мысалы, Кеңес заманында малшылар жайылымдарды ауыстырып отыратын, қазір бұл жүйе бұзылған. Жайылымдар тиімсіз пайдаланылуда. Мал бір жерде шоғырланғандықтан, жер де тез азады. Қалыпты жайылым айналымы болмаған соң мал азығының тапшылығы да байқалады, әсіресе, қуаңшылық жылдары. Бұл мәселенің мәнісіне толық жету үшін арнайы ғылыми зерттеу жүргізу керек», — дейді ғалым.

«Киіктердің көбеюі ғана емес, мал жайылымы жүйесінің бұзылуы да жерге әсер етеді. Яғни себеп бірнеше. Сондықтан қандай да болсын шешімдер немесе ұсынымдар нақты жүргізілген зерттеулер негізінде қабылдануы тиіс. Мұндай зерттеуді, мысалы, алдағы жаз айларында жүргізуге болады. Қазіргі таңда, менің білуімше, «Охотзоопром» мекемесі киіктердің популяциясын басқару бағытында іс-шараларды жоспарлауда, түрлі тәсілдер қарастырылуда», деп қорытындылады Сергей Скляренко.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жаппай қырылған 380-ге жуық киіктің анықталғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ киіктердің неден қырылуы мүмкін екендігі туралы министрлік болжамы да жарияланды.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Мұрынға себілетін коронавирус вакцинасы 2022 жылы тіркелуі мүмкін

Мұрынға себілетін коронавирус вакцинасы 2022 жылы тіркелуі мүмкін

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Банкрот болған қазақстандықтардың тізімі жарияланды

Банкрот болған қазақстандықтардың тізімі жарияланды

2 года ago
135 млн теңге жұмсалған орталық әлі күнге жұмыс істемей тұр

70 миллиард теңгеден астам қаржы есірткі айналымына түспеді

6 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In