• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Қоғам

«Кенже баланы артық көру дұрыс па?»: Дінтанушы ұл-қызына бөліп қарайтындарды қатаң сынға алды

бойынша Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
«Кенже баланы артық көру дұрыс па?»: Дінтанушы ұл-қызына бөліп қарайтындарды қатаң сынға алды
0
Бөлісу
0
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде балаларын бөліп-жаратын ата-аналар көп. Тұңғышына көп көңіл бөлмей, «өзімді бағады, асырайды» деген оймен кенже баласына ғана басымдық беру біраз жанның тұлға ретінде қалыптасуына кедергі келтіруде. Бұл туралы дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы мәлімдеді. Дін маманының айтуынша, оған «ата-анамыздан жылу көрмедік» деген сұрақпен келетіндер қатары арта түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Баланың бәріне тең қарау керек. Бізде кенже баласы қолында қалатындықтан, оған ерекше басымдық беретін ата-аналар көп. Кеңес заманына келе жатқан кемпір-шалдар да пенсиясын кенжесіне беріп, барлық жылы-жұмсақты кенже баланың аузына тосады. Кенже бала бұзықтық жасаса кешіріммен қарайды, ол басын қабырғаға соқса баланы емес, басқаны кінәлайды. Кенже баладан туған немересін де басқадан артық көреді. Бұл дұрыс емес! Баланың бәріне әділ болмасаң, болашақта өз-өзінен комплекс іздеп, басқадан жылу күтіп, өмір бойы өзін дәлелдегісі келіп тұратын ұрпақ өсіресің», — дейді дінтанушы.

Нұрлан Байжігітұлының айтуынша, ата-ананың баланы бөлуі салдарынан көптеген адам өмір жолында кедергілерге кездеседі.

«Бізде бәрін кенже баласына жығып беретіндіктен, оның алдындағы үш баласының танымы бәрібір де соққы алады. Сондай-ақ, қызды да жатжұрттық деп есептеп, оған атүсті қарайтын ата-аналар жоқ емес. Бар балаға әділ болып, бар назарыңды теңдей бөлсең, бізде өз-өзіне сенімді, әр қадамын нық басатын ұрпақ пайда болады.

Кешегі Қазанда болған қайғылы оқиға да осының салдары деп білемін. Ата-анасымен түсініспеген, әке-шешеден мол мейірім алмаған балалар осындай қатыгездікке барады. Сондықтан, баланың бәрін бірдей көріңіздер. Ата-ананы құдай бақсын деп тілеу керек. Бұрынғы бабаларымыз да «Балама күнімді қаратпа, өзің жар бол» деп тілеген. Бұл ешкімге қол жайғызбай, өзіме қауқар бер деген сөз», — дейді имам.

Jasyn

Jasyn

Келесі пост
Елжан Біртановтің үйқамақта болу мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Елжан Біртановтің үйқамақта болу мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Футболдан ӘЧ-2022: Қазақстан құрамасы Франциядан ұтылып қалды

Футболдан ӘЧ-2022: Қазақстан құрамасы Франциядан ұтылып қалды

5 года бұрын
Бірінші сынып оқушыларының 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде білім алуды таңдайды – қр оқу-ағарту министрлігі

Бірінші сынып оқушыларының 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде білім алуды таңдайды – қр оқу-ағарту министрлігі

3 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In