• RU
Воскресенье, 6 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Қайырымдылық

Келесте демеушілер спорттық ашық алаңша салып берді

«Қайырымдылық – қанға сіңген асыл қасиет». Жасыратыны жоқ, бүгінгінің ұрпағы қайырымдылықты ақшамен бағалайды. Яғни, қайырымдылық жасауың үшін қолыңда ақшаңның болуы керек деп түсінеді. Бірақ, қанына сіңген қасиеттің ұмытылып бара жатқаны көңіліңді күпті ете түседі. Ал, сайып келгенде өзіңнің ниетіңе, адамгершілігіңе келіп тіреліп тұр.

by Jasyn
02/12/2024
in • Қайырымдылық
0
Келесте демеушілер спорттық ашық алаңша салып берді
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қайырымдылықтың ірі-ұсағы болмайды. Әрі қалтаңда ақшаңның болған-болмағаны да маңызды емес. Осы бір керемет қасиетімізді ұлықтау мақсатында бекіткен атаулы күннің мән-мазмұны да осында жатыр. «Азамат жетім болмайды — халықтан болса панасы, халық жетім болмайды — басшысы болса данасы» деген аталы сөз бар халқымызда. Осы тұста жақында «Түркібасым — құтты мекенім» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен әке-шешесі өмірден өткен тұл жетім балаларға ағаш төсек жабдығымен бірге сыйға тартқанын айта кетуге болады. Әрине, қайырымдылықтың үлкен-кішісі болмайды деп жоғарыда айттық. Шариғатта ықыласпен сәлем беру арқылы да қайырымды іс, адамдарға жақсылық жасауға болатыны айтылған. Ең бастысы – балалардың қуанышында шек жоқ.

Иә, қайырымдылық – адам баласының бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттердің тек біреуі ғана. Жүрегі мейірімге толы жан жеңілі мен ауыры қатар жүретін қатігез өмірдің басты тірегі. Мейірімге толы қайырымды жүрек мұқтаж жандарға демеу болумен оларға өмір сүруге жаңа күш пен талпыныс сыйлай алады. Көмекке зәру жандарға қиналған шағында қол ұшын созу — әрбір адамның парызы.

Жақында Түркістан облысы Келес ауданында демеушілер есебінен салынған спорттық ашық алаңша пайдалануға берілді. Игі шараға қатысқан Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев демеуші болған азаматқа алғыс білдіріп, ауыл жастарын және тұрғындарын жаңа спорт нысанының пайдалануға берілуімен құттықтады.

— Түркістан облысының депутаты Бахыт Мүсірәліұлы Басымбектің демеушілігімен бүгінгі күні ауданымыз тағы бір заман талабына сай 800 шаршы метр құрайтын спорттық ашық алаңшамен толығып отыр. Бахыт Мүсірәліұлының бұл бастамасы көптеген ауданымыздың азаматтарына үлгі болары анық. Болашақта жастарымыз салауатты өмір салтын ұстап дене шынықтыру мен спорттың бұқаралығын арттырады деп сенемін. Спортшыларымыз ауданымыздың намысын қорғап, көк туымызды көкте желбірете берулеріңізге тілектестігімді білдіремін, — деді аудан басшысы Жәнібек Есенұлы.

Бүгінде Келес ауданында жалпы 229 спорт нысандары жұмыс істейді. Оның ішінде, 1 стадион, 10 футбол манежі, 54 спорт зал, 20 ашық спорт алаңшасы және 144 жазықтық ашық алаңдары бар.

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Абай ауылындағы Асан қайғы көшесі бойынан 250 орындық спорт кешенінің құрылысы бастау алған. Қазіргі таңда Қошқарата және Біртілек ауылдық округтерінде 4 спорт алаңшасын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Соңғы екі жыл ішінде Келес өңірінде жалпы 8 спорт нысаны қолданысқа берілді. Оның ішінде 2 нысанды кәсіпкерлер жеке қаражаты есебінен салса, қалғаны жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылды.

Ал, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен, Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Бар мейірімділік балаларға» атты экскурсия өтті. Шараға облыстың 17 аудан, қаласынан келген 8-14 жас аралығындағы 60-қа жуық бала қатысып, Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени нысандармен танысты.

Іс-шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Ескулов Пердебек Сержанұлы ашып, балаларға ізгі тілегін білдірді.

“Біздің міндетіміз – балаларымызға рухани тәрбие беріп, олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. Бүгінгі шара балалардың көкейінде еліміздің бай тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықтарын тудырып, оларға жаңа серпін береді деп сенемін. Біздің болашағымыз – балаларымыз, ал олардың бақытты әрі саналы азамат болып өсуі бәріміз үшін маңызды.” — деді.

Іс шара бағдарламасына сәйкес, психолог мамандар балаларға семинар-тренинг өтті. Тренингтен кейін орталық мамандары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жалғасты. Балалар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген бұл тарихи орынның мән-маңызымен, ұлы тұлғалардың өмір жолымен танысты.

Сонымен қатар, Түркістан қаласының тағы бір ерекше мәдени мекені – “Farab library” әмбебап ғылыми кітапханасында болды. Кітапханадағы экскурсиядан кейін балалар “Керуен Сарай” туристік кешенін аралады.

Экскурсиядан соң балалар “Арбат” дәмханасында түстеніп, кейін «Ұлы Дала Елі» орталығындағы мұражай экспозицияларымен танысты. Мұражайда олар қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері туралы терең мағлұмат алды.

Іс-шараның соңында балаларға “Kinopark 4 Khanshaiym Plaza” кинотеатрында жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтын мультфильм көрсетілді.

Бұл шара балалардың рухани білімін кеңейтіп, тарихи-мәдени мұраларға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Осындай игі бастамалар қоғамдағы ізгілік пен мейірімділікті дәріптейді.

Tags: қайырымдылықспорттық ашық алаңшаТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Мен жастарға сенемін!» облыстық жастар форумы өтті

«Мен жастарға сенемін!» облыстық жастар форумы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ МЕН АТАУЛЫ СТИПЕНДИЯЛАРҒА ИЕ БОЛДЫ

ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ МЕН АТАУЛЫ СТИПЕНДИЯЛАРҒА ИЕ БОЛДЫ

3 года ago
Президент «Зерде» холдингін реформалауды тапсырды

Президент «Зерде» холдингін реформалауды тапсырды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In