— Бұл жұмыстар жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес сапалы орындалуы тиіс. Қазан айында толық аяқталып, ауыл тұрғындарының игілігіне беріледі, – деді аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев.
Сонымен қатар, Жәнібек Есенұлы ауылдағы «Ер-Дәуіт» автобекетінің жағдайына да назар аударды. Ол нысанның сыртқы қасбетін ретке келтіріп, талапқа сай бірдейлендіру қажеттігін атап өтті. Әкім кәсіпкерге даму жоспарын дайындап, жергілікті атқарушы органмен келісе отырып ұсыныс енгізуді тапсырды.
— Автобекет – ауылдың келбеті. Сондықтан мұнда санитарлық тазалық пен тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда болуы керек, – деді аудан басшысы.
Бұдан бөлек, аудан әкімі Біртілек ауылдық округіндегі Шұқырсай елді мекеніне барып, ондағы спорт алаңының жағдайымен танысты. Санитарлық тазалыққа баса назар аудару қажеттігін айтып, алдағы уақытта бұл аумақта жаңа заманауи спорт алаңы салынып, жастарға спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасалатынын жеткізді.
Келес ауданының орталығы Абай ауылында тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар инфрақұрылымдық жобалар іске асуда.
Ынтымак көшесінде жалпы ұзындығы 1360 метр болатын аяқ жол салу, су ағарлар орнату және көше бойына жарық шамдарын орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 99 пайызы аяқталып, трансформаторды іске қосу рәсімі жасалуда. Алдағы қазан айының басында барлық жарық шамдары қосылып, нысан толық пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар, Т.Бегманова көшесінде де ауқымды жұмыс атқарылуда. Мұнда ұзындығы 800 метр құрайтын аяқ жол төселіп, су ағарлар мен жарық шамдары орнатылуда. Құрылыс барысында сапаға ерекше мән беріліп, көше билері мен тұрғындарымен ақылдаса отырып жұмыс жүргізілуде.
Бұл – болашақта ақаулықтардың алдын алуға бағытталған қадам. Жоба биылғы қазан айында толық аяқталады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев аталған нысандарда болып, құрылыс барысын бақылап шықты. Әкім сапаға жіті назар аударылып, жұмыстардың белгіленген мерзімде аяқталуы қажеттігін атап өтті.
— Аяқ жолдар мен жарықтандыру – ауыл тұрғындары үшін ең қажетті жағдайлардың бірі. Бұл жобалар ауылдың келбетін жаңартып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондықтан сапаға ерекше көңіл бөлінсін, – деді аудан әкімі.
Абай ауылындағы екі көшеде жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар аяқталған соң, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасатын болады.
Келес ауданының орталығы – Абай ауылында тұрғындар мен қонақтарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында жаңа серуендеу алаңының құрылысы жүргізілуде. Жаңа демалыс орны Араншы каналаның бойынан бой көтеруде.
Қазіргі таңда 450 метр аумақтың екі қапталы абаттандырылып, жаяу жүргіншілерге арналған жол, жарықтандыру желілері қарастырылған. Құрылыс барысын аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев барып көріп, мердігер мекемеге нақты тапсырмалар жүктеді.
— Бұл жер аудан тұрғындары үшін демалыстың, серуендеудің сүйікті орнына айналуы тиіс. Сондықтан жұмыстар сапалы әрі уақытында орындалуы қажет. Қазан айының соңына дейін серуендеу алаңы халық игілігіне берілуі тиіс, — деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, Жәнібек Ағыбаев Абай ауылындағы Мүсір Артықов көшесінің бойындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Орталық автобекет маңындағы республикалық А-15 трассасының бойындағы қауіпсіздік қорғауларын ретке келтіру, талаптарға сәйкестендіру қажеттігін айтты.
Жаңа серуендеу алаңы – аудан орталығына сән беріп қана қоймай, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы жағдай туғызатын заманауи демалыс орны болмақ.
Фото: Келес Ауданы Әкімдігі