Антикор мәліметінше, «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды тұлғаларына қатысты жүйелі негізде пара алу деректері бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Олар сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінді», — деді Антикор өкілдері.
Соталды тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.