• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Ізденіс, даму, өзгеріс керек

Түркістан облысы Сарыағаш ауданын дамыту стратегиясын бекіту жұмыстары жалғасуда. Осыған орай аудан әкімдігінде 2030 жылға дейінгі даму жоспары талқыланып, негізгі бағыттар мен басымдықтар жан-жақты сараланды. Инвестициялық штаб отырысына аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов, сондай-ақ кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің өкілдері қатысты.

by Jasyn
07/10/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Ізденіс, даму, өзгеріс керек
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жиын барысында аудан әкімі Арман Абдуллаев өңірдің әлеуетін тиімді пайдалану үшін нақты, жоспарлы әрі жүйелі жұмыстардың маңыздылығына тоқталды:

– Ізденіс, даму, өзгеріс керек. Жан-жақты зерделеп, тиісті жұмыс жүргізіңіздер. Жүйелі жұмыс қажет, – деді аудан басшысы.

Аудан әкімі ұсынылған жобаларға қолдау көрсетілетінін мәлімдеп, олардың жүзеге асырылуы барысында туындайтын мәселелерді шешу үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, бекітілген Жол картасы аясындағы жобалар мен олардың іске асырылу барысын саралап, жүйелі жұмыс жүргізуді кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне тапсырды.

Айта кетсек, ауданның даму жоспарына сәйкес 2030 жылға дейінгі нақты жобалар тізімі әзірленуде. Басым бағыттардың қатарында: өндіріс орындарын ашу, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттыру, туризм саласын дамыту мәселелері қамтылған.

Жиынның негізгі мақсатты – әкімшілік кедергілерге жол бермеу, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуді жеңілдету, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау тетіктері туралы кәсіпкерлерді дер кезінде ақпараттандыру. Сонымен қатар, жобаларды сүйемелдеу және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесі де басты назарда.

Сондай-ақ, бюджет қаржысына Сарыағаш ауданындағы елді мекен көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіндегі бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын пысықтады. Аудан басшысы Сіргелі елді мекенінің ішкі көшелеріне жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарының жай-күйін саралады. Аудан әкімі жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімінде орындалуын ерекше бақылауға алатынын айтып, нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Тұрсынбаевқа техникалық қадағалауды күшейту тапсырылса, Қабланбек ауылдық округінің әкімі Н.Турдалинге күнделікті бақылау мен үйлестіру жұмыстары жүктелді.

Сіргелі елді мекеніне қарасты Қызқұдық, Ескұлов және Д. Спанов көшелерін қамтитын жалпы ұзындығы 1,75 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаны іске асыру үшін жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кетті. Жөндеу жұмыстарының тізбесіне: асфальт жабындысын төсеу, көше жарықшамдарын орнату, жаяу жүргіншілер жолын және су науаларын орнату жұмыстары қарастырылған. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде «Bairkum» ЖШС мердігер мекеме ретінде анықталып, іске асыруда.

Тағы бір айтары, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен Әлімтау ауылдық округінің елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесіне арналған жұмыс кеңесі өтті.

Талқылау мәжілісіне Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ-ның, жобалаушы мекеменің жауапты мамандары, Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің және аудандық газ шаруашылығының өкілдері қатысты.

Мәжіліс барысында Әлімтау ауылдық округіне қарасты елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз етуге қатысты жобалық-сметалық құжаттардың жай-күйі, құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы және алда тұрған міндеттер егжей-тегжейлі қаралды. Қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, өзекті мәселелер бойынша шешу жолдары талқыланды.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев мәселенің маңыздылығын ерекше атап өтіп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, жұмыстардың белгіленген мерзімде және сапалы орындалуының маңыздылығына назар аударды.

Фото: Сарыағаш Аудан Әкімдігі

Tags: Инвестициялық штабқұрылыс-монтаж жұмыстарыСарыағаш ауданын дамыту стратегиясыТүркістан облысы Сарыағаш ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Табиғи газ және ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Табиғи газ және ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Үш баланың анасы төбелескені үшін айыппұл арқалады

Үш баланың анасы төбелескені үшін айыппұл арқалады

2 года ago
Колледждерде мемлекеттік тапсырыс көлемі артады.

Колледждерде мемлекеттік тапсырыс көлемі артады.

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In