• RU
Понедельник, 4 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Инвестиция тарту жоспары 1,3 есе артық орындалды

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың айтуынша, осы салада 6 айда жалпы өнім көлемі 253,9 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,7 пайызды құрады.

by Jasyn
30/07/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы
0
Инвестиция тарту жоспары 1,3 есе артық орындалды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Негізгі капиталға инвестиция тарту 44,2 пайыз орындалып, 103,8 млрд. теңгеге инвестиция тартылды. 6 айда 82,3 млрд. теңге инвестиция тарту жоспары 1,3 есе артық орындалды. Су үнемдеу технологиялары жаңадан 59 гектарға орналастырылып, жоспар 1,4 есе артық орындалды. Егіс алқаптарына ғылыми негізде 189,8 мың тонна тыңайтқыштар енгізу жоспары 109 пайыз орындалды немесе 206,2 мың тонна тыңайтқыштар сатып алынды. Машина трактор паркін 6,5 пайыз жаңалауды қамтамасыз ету бойынша 877 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Жалпы 2025 жылға 1649 дана ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланған.

Техникаларды жаңалау үлесі 9,4 пайызға жетеді. Шардара ауданында «Батырхан ата» ЖК-нің «2200 тонналық көкөніс сақтау қоймасы» жобасы жүзеге асырылды. Түлкібас ауданында «Кентау» ЖШС-нің «2000 тонналық көкөніс сақтау қоймасы», Сайрам ауданында «Shagyr Fruit» ЖШС-нің «2200 тонналық көкөніс сақтау қоймасы» жобалары жыл соңына дейін тапсырылады деп жоспарланған.

Жалпы АӨК даму көрсеткіштерінің орындалуы бойынша басқарма тарапынан ай сайынғы рейтинг бағалау жұмыстары жүргізілуде. 6 айдың қортындысымен алғашқы үштікке Түлкібас, Созақ, Отырар аудандары орналасқан. Көш соңындағы аудан, қала әкімдеріне тиісті ескерту беріліп, жұмысты ширату тапсырылды.

Айта кетейік, АӨК-тің инвестициялық жобалары бойынша 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес, жалпы құны 227,5 млрд. теңгені құрайтын 60 жобаны іске асыру көзделген. 2252 жаңа жұмыс орны құрылады. Биылғы жартыжылдыққа 53,6 млрд. теңгеге 17 жоба іске асырылып, 726 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін қалған 12 жоба (69,6 млрд. теңге) жүзеге асырылмақ.

Ал, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров мал шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс жүргізіп жатқан кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде аудан басшысы ауыл шаруашылығы саласының, әсіресе, мал бордақылау бағытындағы жобалардың маңыздылығына тоқталып, мемлекет тарапынан қолдаулар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажеттігін айтты.

— Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдауға барлық жағдай жасалып отыр. Мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларды бір орталыққа шоғырландырып, жер телімдерін бөліп бердік. Қазірдің өзінде нақты жобалар іске асып, ауданның экспорттық әлеуеті артып келеді. Бұл — бір жағынан өнім көлемінің артуына, екінші жағынан жаңа жұмыс орындарының құрылуына сеп болуда, — деді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров.

Бүгінде ауданның 12 ауылдық округінен 231 гектар жер мал шаруашылығын дамытуға арналып белгіленген. Әр шаруаға 50 сотықтан жер бөлініп, онда малшы үйі салынып, кемінде 100-ден 500 басқа дейін ірі қара мал бордақыланатын болады. Сонымен қатар орталық мал сою бекеттерін құру да көзделуде.

Қазіргі таңда 196 мал бордақылау алаңы белгіленіп, оның ішінде 37 шаруа қожалығы құрылыс жұмыстарын бастап кеткен. Бұл жұмыстар нәтижесінде 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, аудан бойынша ет өнімінің көлемі 2 есеге артады деп күтілуде.

Кездесу барысында кәсіпкерлер өзара тәжірибе алмасып, салынып жатқан жобаларымен бөлісті. Атап айтқанда, «Мырзахан» шаруа қожалығы — 10 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңының құрылысын бастап кеткен. Жоба 20 гектар аумақты қамтиды. Мұнда мал бордақылау алаңы ғана емес, сонымен қатар мал сою, ет өңдеу және сақтау кешені де салынбақ. «Әл-Береке» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі — 10 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңының құрылысын жүргізуде.

Жобаларды бастаушы кәсіпкерлер өзара сұрақ-жауап форматында пікір алмасып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді. Аудан әкімдігі тарапынан бұл жобаларға тұрақты түрде әдістемелік және инфрақұрылымдық қолдау көрсетіліп келеді. Мал шаруашылығын жүйелі жүргізу арқылы Сауран ауданы алдағы жылдары аймақтық ет өндірісінің жетекші орталықтарының біріне айналмақ.

Фото: Егемен Қазақстан

 

 

 

Tags: ауыл шаруашылығын қолдауинвестиция тартуСу үнемдеу технологияларыТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Жалпылама сөз емес, нақты жоспар, нақты іс қажет»

«Жалпылама сөз емес, нақты жоспар, нақты іс қажет»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс

Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс

2 года ago
Өнерлі жастар – өркениеттің айнасы

Өнерлі жастар – өркениеттің айнасы

10 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In