• RU
Четверг, 14 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдау қоғамдағы инклюзия ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау

Инклюзия басқа балаларды адамгершілікке тәрбиелейді

Бүгінде инклюзия тақырыбы аса маңызды. Және адамдарға, әсіресе балаларға тең мүмкіндік беретін қоғам құру басты міндеттердің бірі.

by Jasyn
07/08/2025
in • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдау қоғамдағы инклюзия ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау
0
Инклюзия басқа балаларды адамгершілікке тәрбиелейді
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өйткені әр бала — біздің болашағымыз. Ерекше немесе ерекше емес деп бөлмейміз. Бәрі — бала. Олар ешкімнен кем емес. Бәріне бірдей білім, тәрбие берілуі керек. Ең бастысы — оларды қабылдай білу. Яғни, инклюзия — жеңілдік жасау емес, тең мүмкіндік беру. Бірге отырып оқу, бірге ойнау, бірге армандау. Арнайы білімді қажет ететін балалар үшін бұл — өте маңызды жол. Өзін жалғыз сезінбеуге, білімге, достарға, қолдауға жол ашады.

Бірақ инклюзия басқа балаларды да тәрбиелейді — жанашырлыққа, сабырға, түсіністік пен адамгершілікке үйретеді. Себебі теңдік — бәрін қабылдаудан басталады.

Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының Жамбыл ауданының Аса ауылында орналасқан филиалы 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл филиал сол уақыттан бері кембағал балаларды қоғамдық ортаға бейімдеп, сауықтыру және оларға саналы тәрбиемен бермен, тиісті ем-шаралар жүргізумен айналысып келеді.

Жалпы алғанда бүгінгі күні мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту және бейімдеу орталықтары Жамбыл облысының Тараз қаласында және Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі, Шу, Қордай, Талас және Сарысу аудандарында ашылған. Соңғы үш жылда аталған орталықтарда 909 бала оңалту шараларымен қамтылды. Соның нәтижесінде 185 бала бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтсақ, 18 бала өздігінен отыра алу жағдайына ие болса, 19 бала еңбектеді. 24 бала жетек арбамен жүруді үйренсе, 21 бала өздігінен жүре алады. 45 бала сөйлей бастаса, 58 бала өзіне-өзі қызмет көрсетуді меңгерді.

Жамбыл облысында 45 652 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 1-ші топтағы – 4 799 адам, 2-ші топ – 16 370, 3-ші топ – 17 689 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың саны – 6 794.

Үкіметте де азаматтардың осы санатын қолдау және кедергісіз жайлы ортаны қалыптастыру жөнін­дегі шаралар кешенін іске асырып жатыр. Мәселен, Әлеуметтік кодекс қабылданды, отбасылар­дың әл-ауқатына тұрақты мониторинг пен талдау жүргізуге мүмкіндік беретін Отбасы­ның цифрлық картасы іске қо­сыл­ды. Бұған қоса, мүгедектікті ресімдеу тәр­тібі оңайлатылып, проак­тивті форматқа ауыстырылды, оны сырттай белгілеу енгізіл­ді. Әлеуметтік қызмет­тер порталының жұмысы шең­берінде оңалту үшін қажетті техникалық құралдар мен рәсімдерді таңдау мүмкіндігі қолжетімді болды.

Жақында өткен үкімет отырысында Премьер-министр мүге­дек­тігі бар адамдарды мемле­кет­тік қолдау жүйесі үнемі жетілдіріліп отыратынын атап өтті. Өңірлерде оңалту орталықтары ашылып жатыр. Абай, Жамбыл және Түркістан облысында оңалту орталықтары пайдалануға берілді. Осындай орталықтарды Ақмола, Атырау, Жетісу облыс­тары мен Шымкент қаласында салу жос­парланып отыр.

Инклюзивті қалалық ортаны қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бү­гінде елде мүгедектігі бар адам­дардың қажетіне инфрақұ­рылымның 45 пайызы бейімделген.

«Мемлекет басшысының тап­сырмасы бойынша мүге­дектігі бар жандарға қолай­лы әрі жайлы орта қалыптастыру бағытында жоспарлы жұмыс жүріп жатыр. Объектілерді мүгедектігі бар адамдардың, қарттардың ыңғайына қарай бейімдеу жұмысын күшейту қажет. Бұл, әсіресе әлеуметтік нысандарға, дәріханаларға, азық-түлік дүкендері мен сау­да орталықтарына қатысты. Өнер­кәсіп және құрылыс министрлігіне құрылыстың сапа­сы мен жауапкершілікті арттыру үшін қолданыстағы стан­дарт­тарды қайта қарауды тап­сы­­рамын. Нормалардың сақ­та­луын бақылау қажет», деген болатын сол жолы премьер-министр Олжас Бектенов.

Айта кету керек, бүгінде Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 200 мыңнан астам бала бар. Олар үшін арнайы білім беру ұйымдарының желісі құрылған. Атап айтқанда, 44 арнайы балабақша, 99 арнайы мектеп, 99 ПМПК, 212 ППТК, 10 аутизм орталығы және 13 оңалту орталығы бар. Ал қалған балалар инклюзия жағдайында жалпы білім беретін мектептерде оқиды. 2023 жылы қарашада Оқу-ағарту министрлігінің жанынан білім берудің барлық деңгейінде жалпы саясатты іске асыру мақсатында Арнайы және инклюзивті білім беру департаменті құрылды.

Фото: Otbasym

Tags: Әлеуметтік қызметтеререкше білім беруЖамбыл облысыинклюзиямүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Мүгедек жандар үшін қиыншылықты жеңіп шығу оңай емес

Мүгедек жандар үшін қиыншылықты жеңіп шығу оңай емес

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Сборная Казахстана выиграла четыре медали на международной олимпиаде по химии

Сборная Казахстана выиграла четыре медали на международной олимпиаде по химии

2 года ago
Шетелдік маркетплейстер Қазақстанның бюджетіне 6,1 млрд. теңге төледі

Шетелдік маркетплейстер Қазақстанның бюджетіне 6,1 млрд. теңге төледі

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In