• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджет қардысын тиімді пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Халықтың әлеуметтік жағдайына оң ықпал етпек

Түркістан облысы Келес ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиевтің төрағалығымен 2025-2026 жылғы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық барысы бойынша мәжіліс өтті. Жиынның негізгі мақсаты – әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, бюджеттік ұйымдарды және жеке тұрғындарды қысқы кезеңге сапалы әрі уақытылы әзірлеу болды.

by Jasyn
23/09/2025
in • Бюджет қардысын тиімді пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы
0
Халықтың әлеуметтік жағдайына оң ықпал етпек
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс барысында білім, денсаулық, мәдениет және спорт салаларының қысқы дайындық жұмыстары қаралып, ағымдағы жылдың 25 қыркүйегіне дейін барлық нысандар әзірлік паспорттарын алуы керектігі нақты тапсырылды.

Келес ауданы бойынша жалпы 165 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бар. Оның ішінде 78 білім беру нысаны, 66 денсаулық сақтау нысаны, 19 мәдениет нысаны және 2 спорт мекемесі орналасқан. Білім беру саласына қажетті 5300 тонна көмір мен 120 тонна дизель отыны, денсаулық сақтау саласына 440 тонна көмір, мәдениет саласына 58 тонна көмір мен 30 тонна дизель отыны, спорт мекемелеріне 16 тонна көмір толық жеткізілген.

Аудан аумағында қатты отынды қажет ететін 3193 жеке тұрғын үй бар. Оларға жалпы 14 986 тонна көмір қажет. Сондай-ақ, 42 жылыжай кешеніне 5479 тонна көмір жоспарланған. Бүгінгі күнге жылыжайларға қажетті көмірдің 33 пайызы, яғни 1804 тоннасы тасымалданды.

Келес ауданында көмір тасымалдауға арналған жеке теміржол тұйығы жоқ болғандықтан, отын Сарыағаш ауданындағы үш тұйық арқылы жеткізілуде. Бұл бағытта «Hermes» жеке кәсіпкерлігі, «Азамат мұнай» ЖШС және «Санас» ЖШС қызмет көрсетіп отыр. Қазіргі таңда көмірдің орташа бағасы 23 мың теңгені құрап отыр.

Мәжіліс соңында аудан әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиев жауапты бөлім басшыларына әлеуметтік нысандарды қысқы кезеңге толық дайындап, қажетті отын қорын уақытылы қамтамасыз ету, сондай-ақ әзірлік паспорттарын белгіленген мерзімде алу бойынша тапсырмалар берді.

Тағы бір айтары, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев жергілікті кәсіпкер Мейіржан Әбдімәліков пен Түркиядан келген инвесторларды қабылдады. Кездесуде ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылатын ірі жоба – сыйымдылығы 10 000 бас мал бордақылау алаңы, жоғары технологиялық мал сою бекеті және ет өнімдерін терең өңдеу кешенін салу мәселелері талқыланды.

Жоба құны — 15 млн АҚШ долларын құрайды. Түркиялық инвесторлар тарапынан қаржы құю үшін кәсіпкерге жер телімін рәсімдеу қажеттілігі айтылды. Өз кезегінде аудан әкімі жобаға толық қолдау көрсетілетінін жеткізіп, жер мәселесі бойынша тиісті шаралар атқарылатынын атап өтті.

Аудан басшысы инвесторлармен бірге Бозай ауылдық округіндегі жоспарланған жоба аумағына барып, іс жүзіндегі жағдаймен танысты. Бүгінде жеке кәсіпкер 4 277 ірі қара мал, оның ішінде 1 500 асыл тұқымды «қалмақ сиыры», сондай-ақ 9 200 уақ мал өсіруде.

— Біз үшін ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының тірегі. Осындай ауқымды жобалар Келес ауданының дамуына тың серпін береді. Жергілікті кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар арасындағы әріптестікке қолдау көрсету – біздің басты міндетіміз, — деп атап өтті аудан басшысы Жәнібек Есенұлы.

Жобаның іске асуы Келес ауданында жаңа жұмыс орындарының ашылуына, экспорттық әлеуеттің артуына, ет өнімдерін өңдеу мен қайта өңдеудің дамуына және ауыл шаруашылығы саласының жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Келес ауданында халықтың тұрмыс сапасын арттыру мақсатында инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Соның ішінде тұрғындардың ең негізгі сұраныстарының бірі – сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевтың тапсырмасымен кезең-кезеңімен шешімін табуда.

Соңғы жылдары ауданның бірнеше елді мекендерінде жаңа трансформаторлар орнатылып, электр желілері тартылды. Атап айтқанда, Біртілек ауылдық округіне қарасты Ораз ата, Игілік, Көлтоған ауылдарында 7 дана жинақталған қосалқы трансформаторлық пункт орнатылып, 16,1 шақырымдық 0,4 кВ әуе электр желісі мен 2,35 шақырымдық 10 кВ әуе желісі салынды.

Одан бөлек, аудан орталығындағы Абай, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Б.Қырғызалиев, Р.Махатова және Асан Қайғы көшелерінде электр желілері жаңартылып, 1 дана жаңа трансформатор қойылды. Бұл нысандар аясында 2,97 шақырымдық 0,4 кВ әуе желісі және 0,4 шақырымдық 10 кВ электр желісі тартылды.

Сонымен қатар, Ораз ата, Игілік, Көлтоған, Лесбек батыр, Көгерту және Абай елді мекендерін сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталған құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қазіргі таңда қосу жұмыстары жүргізілуде. Аудан тұрғындарының өтініш-тілектері негізінде қолға алынған бұл жұмыстар Келестегі электр инфрақұрылымын жаңғыртып қана қоймай, халықтың әлеуметтік жағдайына оң ықпал етпек.

Фото: Jambylinfo

 

Tags: әлеуметтік инфрақұрылым нысандарқысқы дайындық жұмыстарымал сою бекеті және ет өнімдерін терең өңдеусапалы электр қуатыТүркістан облысы Келес ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Адал қызмет және ашық бюджет талқыға түсті

Адал қызмет және ашық бюджет талқыға түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қордайлық полицейлер алтын ұрлау дерегін анықтады

Қордайлық полицейлер алтын ұрлау дерегін анықтады

2 года ago
Түркістан облысында 2,3 мың шақырым жол жөнделеді

Түркістан облысында 2,3 мың шақырым жол жөнделеді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In