• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Халық азық-түлік пен тұрмыстық заттар алып, қамдануы керек пе? — Экономист кеңес берді

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Халық азық-түлік пен тұрмыстық заттар алып, қамдануы керек пе? — Экономист кеңес берді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Қазір несие алатын уақыт емес». Экономист Мақсат Халық қарапайым халыққа осылай деп кеңес берді. Маман пайыздық өсімі ұлғайып кеткендіктен, ақшалай несие алу тиімсіз екенін алға тартты. Бұл туралы экономист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды Stan.kz.

«Қазір несие алатын уақыт емес. Себебі пайыздарын өсіріп жіберді. Банктер ипотекалық несие мен тауарларды бөліп төлеуге беруді тоқтатты. Ал пайыздық несиелерді алудың қажеті жоқ», – дейді Мақсат Халық.

Маманның айтуынша, пайыздық несие алған жағдайда, тым құрығанда оның артық төлемін азайту үшін ертерек жабуға тырысу керек.
Сондай-ақ, Мақсат Халық желі және мессенджерлер арқылы тарайтын түрлі ақпараттарға негізсіз сенбеуге шақырды.

«Азматтарымызға айтқым келетіні, желі арқылы тарап кететін ақпараттарға қатты сенбеңіздер. Күйзеліске, эмоцияға берілмейік. Барынша сабырлы болсақ, дұрыс шешімдер қабылдаймыз.

Ал қаржыға қатысты шешімдерді барлық байыбына барып қабылдау керек. Сол кезде ешқашан ұтылмайсыз. Жинақтарыңызды бөліп сақтаңыз. Үлкен пайыздық несиелеріңіз болса, олардан құтылып тастаңыз. Бөліп төлеуге алынған қарыздар тұра берсін.

Барынша қаржылай сауатты болуға тырысайық», –  деп кеңес берді маман.

Халық азық-түлік пен тұрмыстық заттарды алдын ала алып, қамдануы керек пе?

Мақсат Халық біз қолданатын тұрмыстық, химиялық заттардың басым дені осы уақытқа дейін Ресей арқылы Қазақстанға жеткізілгенін, енді бұл тауарлардың бағасы қымбаттайтынын атап өтті.

Ол алдағы уақытта мұндай тауарларды шетелдік компаниялармен келісу арқылы, тікелей алдыру керектігін жеткізді. Алайда жаңа транзиттік жолдарды іздеп тапқанға бірнеше ай уақыт керек болатынын ескертті.

«Сол себепті қолданыстағы заттарды алдын ала алып қойған да дұрыс», –  деді маман.

Әйткенмен, экономист елдегі нан бағасының қымбаттауына ешқандай экономикалық негіз жоқ екенін баса айтты. Бұл тақырыпқа келгенде өзі де таңырқағанын жасырмады.

«Нанның қымбаттауының қандай экономикалық негізі бар? Өзімізді өзіміз ұнмен 95 пайызға қамтамасыз етеміз. Ресей одақтас мемлекет бола тұра, тамыздың соңына дейін бізге бидай сатпаймыз деді.
Бірақ біз азық-түлік тапшылығына ұрынбауымыз керек. Өйткені ішкі нарықты өзіміз қамтамасыз ете аламыз. Украина мен Ресейге жалпы әлемдегі бидай қорының 30 пайызы тиесілі. Енді қазір олардың бидай егетін мүмкіндігі жоқ. Сондықтан әлемдік нарыққа әсер ететіні анық. Бірақ Қазақстанда доллар қымбаттады екен деп бүкіл заттың бағасын өсіре беруге болмайды», – деді Мақсат Халық.

Jasyn

Jasyn

Next Post
«Бапкерім мылтықты несиеге алып берді»: Паралимпиада ойындарының қатысушысы дайындық барысындағы қиындықтар туралы айтты

"Бапкерім мылтықты несиеге алып берді": Паралимпиада ойындарының қатысушысы дайындық барысындағы қиындықтар туралы айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Медициналық сақтандыру қорына түскен шағымдар шамамен 2 есеге артқан

Медициналық сақтандыру қорына түскен шағымдар шамамен 2 есеге артқан

3 года ago
Астанада қар тазалауға 2500-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды

Астанада қар тазалауға 2500-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In