• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Агроөнеркәсіп

ГМО өнімдерінің денсаулыққа пайдалы не зиян екендігі әлі күнге дәлелденбеген

Органикалық өнім өндіру экономикасы қуатты елдерде қарқынды дамып келеді. Әлемде органикалық азық-түлік нарығы соңғы 20 жылда 10 есе өсіп, 135 млрд. еуроны құрап отыр.

by Jasyn
03/06/2024
in Агроөнеркәсіп, Топ
0
ГМО өнімдерінің денсаулыққа пайдалы не зиян екендігі әлі күнге дәлелденбеген

Genetically modified organisms concept with an organic pears and a genetically modified pear.

0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Дүние жүзінде шамамен 700 миллион адам органикалық тағамды тұтынады. Бүгінгі таңда 188 ел осы өндіріспен айналысып, 75 мемлекетте органикалық ауылшаруашылық заңнамасы қабылданған.

Сенатта Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қабылдаған «Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қаралды.
Сенатор Әли Бектаев әріптестерінен осы заңдарды мақұлдау туралы ұсынысты қолдауларын сұранды. Сенатордың айтуына қарағанда бұл таза өнімге деген әлемдік сұраныс күннен күнге өсіп келе жатыр. Көп елдерде климаттың жағдайы, жер ресурстарының тапшылығы, экологиялық және экономикалық тұрақсыздық ауылшаруашылығын дамытуға мүмкіндік бере бермейді.

Әлемдегі біраз аграрлық корпорациялар ауылшаруашылығын табыс табу, баю құралына айналдырған. Сондықтан да олардың өнімдерінің өнімділігі өте жоғары, бірақ сапасы төмен, адам ағзасына пайдасынан зияны көп. Мамандардың айтуы бойынша, мысалы ГМО өнімдерінің денсаулыққа пайдалы не зиян екендігі әлі күнге дейін дәлелденбеген.

Әлемдік статистика гендік модификацияланған өнімдердің жыл сайын өскенін көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта 40-тан астам елде шамамен 540 GM зауыттары жұмыс жасайды және ГМО-ның жаңа түрлері тіркелуде.

Осы тұрғыдан алғанда тек органикалық өнім ғана емес, экологиялық таза азық-түлік түрлерін шығаруға Қазақстанның мүмкіндігінің орасан зор екендігін әлем мойындап отыр.

Қазақстанның климаты, жер асты және жер үсті суларының тазалығы, ауылшаруашылығы жерлерінің экологиялық тұрғыдан бұзылмауы органикалық өнім өндіруге зор мүмкіндіктер береді. Еліміздегі босалқы жерлерінің ішінде 2 млн. гектарға жуық жер егіс егуге жарамды, тыңайған жерлер деп танылған.

— Қазіргі кезде әлемді жай ғана өніммен, тіпті қайта өңделген өніммен таңқалдыру мүмкін емес, — дейді сенатор Әли Бектаев өз баяндамасында. — Тек терең өңделген және органикалық өнімдер ғана Қазақстанның экспорттық потенциалын арттырып, отандық брендті қалыптастыра алады.

Қолданыстағы ҚР «Органикалық өнім өндіру туралы» Заңы 2015 жылы қабылданған. Халықаралық нарықтық қатынастардың қарқынды дамуына байланысты, Заңның ішкі нарықты  қолдау, реттеу процестерімен қатар, органикалық өнімдерді экспортқа шығару, сертификациялау нормалары әлемдік деңгейден қалып қойды. Өз өнімдерін экспортқа шығаратын тауар өндірушілер Еуроодақ стандарттарына байланып, өндірген өнімдеріне сертификат алу үшін кейбір халықаралық ұйымдарға жүгінуіне тура келді. Сондықтан да органикалық өнім өндірісінің дамуы баяулап кетті.

Біз органикалық өнім өндіру жағынан әлемдегі озық мемлекеттердің қатарында болғымыз келсе ең алдымен жерімізді таза ұстауымыз керек. Органикалық өнім өндіретін топырақтың құнарлығы да, сапасы да жоғары, табиғи талаптарға сай болғаны дұрыс.

Өкінішке орай, соңғы жылдары еліміздің біраз өңірлерінде жердің деградациясы күшейіп, топырақтағы гумус мөлшері 40-45-%ға дейін төмендеген. Қазақстандағы бүкіл жер аумағының 66%-зы шөлейттенуге бейім. Сонымен қоса деградацияға ұшыраған жайылымдардың көлемі соңғы 20 жылда 4 есеге өскен.

Бұл жағдай тек қана органикалық өнім өндіруге ғана емес, бүкіл аграрлық салаға төнген қауіп.

Біз ауылшаруашылығы жерлерінің сапасын қадағалап, топырақтың құнарлығын сақтамасақ, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі деген нәрсе де құр әңгіме болып қалады.

ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Топырақты қорғау туралы» жаңа заң жобасын әзерлеп шықты.

Іс жүзінде топырақтың құнарлығын сақтау да, оны қалпына келтіру де оңай процесс емес, заңдармен қатаң реттелуі керек, ол ондаған жылдарды қажет етеді.

Сонда ғана біз органикалық өнім өндірісін экономиканың келешегі зор секторына айналдырып, «қазақстандық салауатты трендті» қалыптастырып, жетекші мемлекеттермен бәсекелес бола аламыз.

Tags: Аграрлық мәселелерГМО өнімдеріОрганикалық өнімСенатор Әли Бектаев
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жыл сайын ерні мен таңдайында туа біткен жырығы бар 1000-ға жуық бала дүниеге келеді

Жыл сайын ерні мен таңдайында туа біткен жырығы бар 1000-ға жуық бала дүниеге келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

14 адам келеңсіз оқиғалар салдарынан қаза тапқан

14 адам келеңсіз оқиғалар салдарынан қаза тапқан

2 месяца ago
Режиссер киножурнала «Ералаш» выразила благодарность жамбылским полицейским

Режиссер киножурнала «Ералаш» выразила благодарность жамбылским полицейским

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In