• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Ғаділбек Жаңай: Алматыда жыртық аяқ киім, тесік нәскимен жүрген кезім болды

by Jasyn
06/03/2024
in Мәдениет
0
Ғаділбек Жаңай: Алматыда жыртық аяқ киім, тесік нәскимен жүрген кезім болды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2020 жылдың басында басталған карантин қарапайым халыққа қаншалықты ауыр тисе, елдің алдында жарқырап жүрген танымалдарға да қиындық әкелді. Тойсыз, концертсіз қалып, нәпақасын қайдан табарын білмей дал болғандардың бірі – Ғаділбек Жаңай. Әнші табыссыз қалған шағында тығырықтан қалай шыққанын Қуаныш Шонбайдың YouTube арнасындағы «Кәсіптегі нәсібің» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz. 

«Алла жеткізді. Басында қиналып қалдым. Не істеймін деген ой болды. Онлайн, түрлі нұсқалар қарастырдым. Концертті онлайн сата алмайсың. Қиын болды басында, достарымнан қарыз сұрадым.

Көлігімді сата алмадым. Терезеден қарап тұрып ойладым, дүние деген керек, бірақ жаңағыдай жағдайларда түкке аспайтынын сездім. Аллаға тәуелдіміз, бітті, басқа нұсқа жоқ.

Айналып келгенде: «Сен қазір жан-жақтан сұрап жатсың, менен сұрасайшы» деп тұрғандай Алла Тағала. Дұға оқыдым. Ең мықты қару екеніне көзім жетті. Қалай дұға жасаймын, солай бола береді ғой.

Мұндай жағдай басымнан екінші рет өтіп отыр. Одан өзім шықтым дей алмаймын, Алла Тағала сүйреп алып шықты», – деген Ғаділбек Алматыға алғаш келген кездегі қиын күндері жайлы баяндады.

Сөзіне қарағанда, ол кезде қалтасында бір тиын болмаған. Қолдағы бары – Ақтаудағы досы берген таныс жігіттің нөмірі ғана. Бар үміт сонда.

«Кетіп бара жатқанымда досым: «Мен саған ақша бере алмаймын, бірақ құда баламның нөмірін берейін, сол жақта тұрады» деді. Телефоны өшірулі. Ақшам бітті, аяқ киімім тесік болған ғой, ішіндегі нәскиі автоматты түрде тесік. Жалаң аяқ жүрсің ғой қалада.

Алыс туыс болып келетін әпкемнің кішкентай үйі болды, заттарымды сол жерде тастап кеткенмін. Өзім жаяу жүремін, парктерде ұйықтаймын. Қалтамда 15-20 теңге қалған, самса, бәліш алуға «Сарыарқа» базарына келе жаттым. Соған үлгерсем болды деп армандап келе жатсам, әлгі телефоны өшірулі болған жігітке ұқсайтын бір адам келе жатыр.

Алланың құдіреті. Әкемді көргенде олай қуанбаған шығармын. Құшақтастық. Сол жерге жақын маңда тұрады екен.
Менің жағдайымды көріп, толтырып азық-түлік алды. Бірінші мәселе, мені тойдырды», – деп еске алды Ғаділбек.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстандық ұстаздар Tik Tok әлеуметтік желісі арқылы сабақ түсіндіріп жүр

Қазақстандық ұстаздар Tik Tok әлеуметтік желісі арқылы сабақ түсіндіріп жүр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Шымкенттегі дүрбелең. Тергеу материалдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолданды

Шымкенттегі дүрбелең. Тергеу материалдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолданды

3 года ago
Бюджеттің 115 млн теңгесін иемденіп кетті деген күдікке ілінді

Бюджеттің 115 млн теңгесін иемденіп кетті деген күдікке ілінді

7 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In