• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Ербол Қарашөкеев қызылша жинау жұмыстарымен танысты

by Jasyn
26/10/2024
in Топ
0
Ербол Қарашөкеев қызылша жинау жұмыстарымен танысты
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысында қант қызылшасын жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биыл 11,2 мың гектарға қант қызылшасы егіліп, 600 мың тоннадан астам өнім алу күтілуде.

Жұма, 25 қазан күні облыс әкімі Ербол Қарашөкеев тәтті түбірді жинау барысымен танысу үшін Байзақ ауданына ат басын бұрып, диқандардың мәселесіне құлақ түрді.

Ербол Қарашөкеев «Зулуфов», «Чаушев», «Ветеран», «Адлер» шаруа қожалықтарына барып, жұмыс қарқынын бақылауға алды.

Мемлекеттік қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын айта келе, өзекті мәселелердің оң шешілуіне күш салынатынын жеткізді.

Байзақтық шаруа Таласбек Шертаев  жеңілдетілген 2,5 пайыздық несиеге қант қызылшасын жинайтын комбайн алғанын, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар жинау жұмыстарына үлкен көмегін тигізіп отырғанын жеткізді.

Байзақ ауданында 67 шаруа 3 мың гектар жерге қант қызылшасын еккен. Оның 0,7 мың гектары жиналып, 52,9 мың тонна өнім алынды. Бүгінде 50,6 мың тонна тәтті түбір қант зауыттарына жөнелтілді.

Айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша биыл 11,2 мың гектарға қант қызылшасы егілді. 600 мың тоннадан астам өнім алу көзделген (орташа өнімділік 570 ц/га).

Қазіргі таңда 3,2 мың гектар жиналып, 229,3 мың тонна өнім алынды (орташа өнімділік 711,4 ц/га).

Меркі қант зауыты 450 мың тонна шикізат қабылдайды. Қалған 100-150 мың тоннаға жуық өнім Ақсу қант зауытында қайта өңделетін болады.

Облыс фермерлері Ақсу қант зауытына қызылшаны өткізуді бастады, бүгінгі күнге 18,1 мың тоннаға жуық өнім өткізілді.

Меркі қант зауытына Үкімет және жергілікті билік тарапынан тиісті көмектер көрсетілуде.

Қант зауытымен келісілген кестеге сәйкес қабылдау жұмыстары 10-шы қыркүйектен басталып, бүгінгі күнге 179,4 мың тонна өткізілді.

Тәуліктік қабылдау қуаттылығы қазан айының 10-нан бастап 4,5 мың тоннадан 5,9-6,0 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.

Зауыттың айналым қаражатын толықтыруға Аграрлық несие корпорациясының «Кең дала — 2» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие берілуде.

Шикізатты тасымалдау шығындары берілетін субсидияның нормативін 25 теңгеден 45 теңгеге көтеру есебінен өтелетін болады.

Меркі қант зауытына өткізілген өнімнің 6,8 мың тонна жергілікті бюджет есебінен (172 млн.теңге) субсидияланды.

Жалпы 600 мың тоннаға жуық өнімді субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 16 млрд.теңге қаражат бөлу жұмыстары жүргізілуде.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Jasyn

Jasyn

Next Post
Полиция төрт есірткі зертханасын анықтап, алты адамды ұстады

Полиция төрт есірткі зертханасын анықтап, алты адамды ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Колледж студенттеріне Шу алқабында қылмыскерлерді қалай ұстайтынын көрсетті

Колледж студенттеріне Шу алқабында қылмыскерлерді қалай ұстайтынын көрсетті

11 месяцев ago
Сенат кибербуллинг туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Сенат кибербуллинг туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In