Бұл туралы Үкіметтің селекторлық отырысында айтылды.
Өңірлерде 10 мыңнан астам автономды қазандық немесе 99%-ы, 45,6 мыңнан астам тұрғын үй (94%) дайындалды. 3,8 мың км жылу желілері (96%), 13,6 мың км сумен жабдықтау желілері (99%) жөнделді. Жылыту маусымына 11,1 мыңнан астам (99%) білім беру объектілері және 5,7 мың (99%) денсаулық сақтау объектілері дайындалды. Көмір өндіруші компаниялар 68 млн тонна көмір өндірді.
Үкімет басшысы әкімдіктерге инженерлік желілерде, білім беру, денсаулық сақтау объектілері мен үйлерде жоспарланған жөндеу жұмыстарының бәрін белгіленген мерзімде аяқтауды, аса қысқа мерзімде жылыту маусымын өткізуге әзірлік паспорттарын алуды қамтамасыз етуді жүктеді.
Премьер-Министр барлық автономды жылу көздерін отынның нормативтік қорымен қамтамасыз етуді, көмір тапшылығына жол бермеу үшін өңірлерде көмір жеткізушілермен белсенді өзара іс-қимыл жасасуды және коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік үшін әрі тұрғындарға отын жеткізуге ұдайы мониторинг жүргізуді тапсырды.