• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Енді карантин режимін бұзған «қызыл» мәртебесі бар тұрғындардың есімі БАҚ-та жарияланады

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Енді карантин режимін бұзған «қызыл» мәртебесі бар тұрғындардың есімі БАҚ-та жарияланады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

21 шілдеде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті деп хабарлайы премьер-министрдің ресми сайты.

Жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Вице-премьер мемлекеттік орган өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, қысқа мерзімде президент тапсырмасын орындау бойынша келесі шараларды қабылдауды тапсырды.

Олар:

жаңа штамдардың пайда болуын ескере отырып, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел іс-қимылдардың нақты жоспарын әзірлеу және енгізу;

«QazVac» отандық вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу және оны одан әрі үшінші елдердің нарықтарына шығару мәселесін пысықтау, осы бағытта нақты жол картасын әзірлеу;

карантиндік шектеулерді сақтауға қойылатын талаптарды қатаңдату мәселесін пысықтау; вакциналау қарқыны төмен өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі бригадаларды қалыптастыру;

коронавирусты диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес реанимация бөлімшелері мен жедел медициналық көмек қызметтерін қосымша жарақтандыруды қамтамасыз ету жөнінде нақты ұсыныстар енгізу;

коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін «Ремдесивир» препаратын орталықтандырылған сатып алу мәселесін шешу жөнінде шаралар қабылдау; Ішкі істер министрлігі басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалған вакциналау паспорттарын жасаудың жолын кесу жөніндегі ведомствоаралық арнайы топ құру;

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Атамекен» Ұлттық палатасымен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, бизнес субъектілерін «Ashyq» бағдарламасына енгізу жөніндегі талаптарды жеңілдету.

Сонымен қатар, вице-премьер мониторингтік топтардың жұмысының маңыздылығын атап өтіп, ІІМ мен әкімдіктерге осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

Бұдан басқа, ВАК «Ashyq» жүйесі арқылы жұмыс істейтін қоғамдық орындарға баратын «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдарға қатысты шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады. Енді карантин режимін бұзған «қызыл» мәртебесі бар тұрғындардың есімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдардың басшылары мен өңір әкімдіктеріне вакциналау тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, халықты коронавирусқа қарсы вакцинамен қамтуды арттыру туралы нақты тапсырмалар берді.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Басынан ауыр соққы алған Медеу Арынбаевқа 10 сағат бойы ота жасалған

Басынан ауыр соққы алған Медеу Арынбаевқа 10 сағат бойы ота жасалған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстандық кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін енді бөлек шот ашады

Қазақстандық кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін енді бөлек шот ашады

4 года ago
Мектепке дейінгі ұйымдарда 2023 жылдың басынан 30 мыңға жуық орын ашылды

Мектепке дейінгі ұйымдарда 2023 жылдың басынан 30 мыңға жуық орын ашылды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In