• RU
Понедельник, 4 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Еңбек адамы

Еңбек етсең — ширайсың

Еңбек – адам өмірінің негізі. Қазір адамдар өмір сүру үшін еңбек етеді. Онсыз тіршілік ету мүмкін емес. Яғни, бүгінгі таңда еңбек маңызды фактор болып саналады. Еңбек етсең, ширайсың, шынығасың, өмір көресің.

by Jasyn
01/08/2025
in • Еңбек адамы
0
Еңбек етсең — ширайсың
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақ халқы әу бастан еңбек етуді тіршіліктің көзі, тұтқасы, бүкіл тәрбиенің басы деп санаған. Еңбек арқылы балаларды елжандылыққа, бірлікке, іскерлікке баулыған. Осылайша, әр отбасы балаларына еңбектің пайдалы жақтарын үнемі айтып отырған. Оны көбінесе, мақал-мәтел, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асырған. Оған «Еңбегі қаттының ембегі тәтті», «Еңбек түбі – береке» деген мақал-мәтелдер дәлел бола алады. Бұдан біз ата-бабаларымыздың тәрбиенің көзі еңбекте жатқанын білгенін ұғамыз.

Сол себепті, ұлдарды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, кәсіп табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй-іші жұмыстарына үйреткен. Табысқа еңбекқорлар ғана жететінін, табыс табу пайда табудан үлкен өнер екенін түсіндірген. Осыған орай халқымыздың «Артық олжа — басқа еңбек», «Оңай олжа – тұрмас қолға», «Шығын шықпай – кіріс кірмейді» деген мақалдары да бекерден-бекер айтылмаса керек.

Жақында Жамбыл облысында «Еңбек жолы» республикалық байқауының облыстық кезеңі бойынша комиссия отырысы өтіп, үздіктер іріктелді.

Байқаудың мақсаты – еңбек адамының беделін арттыру, еңбек дәстүрлерін дәріптеу және өндіріс саласындағы кәсіби шеберлер мен олардың отбасыларын қолдау.

Аталған байқау үш негізгі номинация бойынша өткізілді. Комиссия шешімімен әр номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, республикалық кезеңге жолдама алды.

«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Тараз қаласынан шыққан Ариповтар әулеті үздік деп танылды. Әулет мүшелері бірнеше буын бойы еңбек жолын абыроймен атқарып, өнегелі еңбек дәстүрін жалғастырып келеді.

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымында Тараз қаласының тұрғыны Ибраева Ұлмекен жеңімпаз атанды. Ол өз ісіне адал, жас мамандарға жол көрсетіп, кәсіби тәжірибесімен бөлісіп жүрген жан.

«Өндірістің үздік жас маманы» атағына Тараз қаласының тұрғыны ТұрысжанЕркебұлан лайық деп танылды. Олеңбекқорлығы мен жаңашыл көзқарасы арқылы жұмыс орнында жоғары нәтижелерге жетіп отыр.

Жеңімпаздар енді Жамбыл облысының намысын республикалық деңгейде қорғайтын болады.

Осы тұста айта кетейік, «Еңбек жолы» байқауы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылады. Жыл сайын өткізіліп келе жатқан бұл байқау ел ішіндегі еңбек адамдарын ынталандыру мен кәсіби шеберлікті насихаттауға бағытталған.

Ал еңбек қорғау бағытында да біраз шаруалар атқарылуда. Жақында Тараз қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдады. Нақтырақ айтсақ, прокуратураның араласу нәтижелерімен 41 мүмкіндігі шектеулі қызметкердің жұмыс уақыты қысқартылды, 45 адамға жұмысынан айрылуына байланысты жәрдемақы тағайындалды, 10 адам кәсіптік оқуға жіберілді, 22 азамат субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алды.

Сондай-ақ, Тараз қаласының прокуратурасымен еңбек және зейнетақы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері анықталып, 742 азаматтың құқықтарының бұзылуына себеп болған.

Атап айтқанда, «Жасыл Ел Тараз» ЖШС 2025 жылдың басынан бері 605 қызметкердің пайдасына 24 млн теңге мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған. Сондай-ақ, Тараз қалалық Білім бөлімінде еңбек еткен 19 зейнеткерге қатысты да осындай заңбұзушылықтар анықталып, 3 млн теңге көлеміндегі жарналар төленбегені белгілі болды. Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде жалпы сомасы 27 млн теңге зейнетақы жарналары толық көлемде өтеліп, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесі үнемі бақылауда.

Фото: Жұмыспен қамту басқармасы, Jambyl-Taraz

 

 

Tags: «Өндірістің үздік жас маманы» Тұрысжан ЕркебұланАриповтар әулетіЖамбыл облысыИбраева ҰлмекенҮздік еңбек әулеті
Jasyn

Jasyn

Next Post
90 миллион теңге парадан бас тартқан

Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қайырымды жандар баспана тарту етті, спорт кешенін салып берді

Қайырымды жандар баспана тарту етті, спорт кешенін салып берді

9 месяцев ago
Колледж студенттеріне арналған жаңа типтік оқу бағдарламалары әзірленді

Колледж студенттеріне арналған жаңа типтік оқу бағдарламалары әзірленді

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In