Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы мен жүзеге асырып жатқан жобалары туралы ақпарат берілді. Әсіресе, «Қарызсыз қоғам» жобасы туралы толық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жұмысшылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Еңбек ұжымының мүшелері өздерінің жұмыс кестесі, еңбек жағдайы, кездесетін қиындықтары туралы ашық пікірлерін білдірді. Партия өкілдері бұл мәселелерді назарға алып, алдағы уақытта шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.
Сондай-ақ, жұмысшылардың еңбегін бағалау мақсатында партияның әлеуметтік желілерінде жарияланып отырған «Қарапайым еңбек адамы туралы» айдарының жұмысы жалғасатыны айтылды. Бұл бастама қарапайым еңбек адамдарын қоғамға таныстыру және олардың еңбегін насихаттауға бағытталған.
Кездесу соңында партия өкілдері жұмысшыларға алғыс айтып, еңбектеріне табыс тіледі. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Фото: Sputnik Қазақстан