Нұр-Сұлтанда міндетті вакцинацияға қарсы митингке шыққан тұрғындарды ұстап әкетіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде әкімдік ғимаратының айналасындағы қоршаулар түсірілген суреттер таралуда. Бұған қоса, Нұр-Сұлтанда Кенесары хан ескерткішінің маңы да қоршауға алыныпты.
Желідегі жазбаларға сүйенсек, әкімдік маңына жолаған адамдарды полицейлер ұстап әкетуде.
Оқиға туралы елордалық ПД әлі пікір білдірмеді.