Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, сервис іске қосылғаннан бері полицияға азаматтардан 17 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Шағымдардың ең көп саны Алматы қаласында (6000-нан астам), Астана қаласында (4000-нан астам) және Алматы облысында (2000-ға жуық) өтініш тіркелген.
Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева «Заң мен Тәртіп» сервисі жұмысының тиімділігі мен құқықтық дұрыстығына қатысты депутаттық сауал жолдады.
«Мысалы, Францияда – мұндай қосымша тәулік бойы полицияға жүгінуге немесе онлайн шағым беруге мүмкіндік береді. Австралияда 2023 жылы киберқылмыстар туралы 600 000-ға жуық хабарлама тіркелді. Испанияда қосымшаны 2,3 миллионнан астам пайдаланушы жүктеп алды, оны туристер белсенді пайдалануда. АҚШ пен Канадада қосымшалар полициямен чат арқылы анонимдік хат алмасуға мүмкіндік береді. Ал, біздің азаматтардың «Заң мен Тәртіп» қосымшасында жалған ақпарат бергені үшін жауапкершілік туралы ескерту бар ма? Оның дұрыстығы қалай тексеріледі?» дейді халық қалаулысы.
Фото: elorda info