• RU
Вторник, 20 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ауыл шаруашылығы

Еліміздегі қант зауыттары жаңғыртылмақ

by Jasyn
06/03/2024
in Ауыл шаруашылығы
0
Еліміздегі қант зауыттары жаңғыртылмақ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қант өндірушілерімен кездесті. Бұл туралы  АШМ  хабарлайды.

Министр Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне (Алматы, Түркістан және Қызылорда облыстары) жұмыс сапары аясында Алматы облысының қант және қант қызылшасын өндірушілермен кездесті. Кездесу Көксу қант зауыты базасында өтті, онда министрге қайта өңдеу желісі көрсетіліп, жаңғырту жұмыстары және өндірісті ұлғайту жоспарлары туралы айтылды. Қант қызылшасын өндірушілермен кездесу кезінде Ербол Қарашөкеев қант саласын дамыту үшін министрлік егіс алқаптарын ұлғайтуды ынталандыратынын, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тұқым, тыңайтқыштар мен гербицидтер, техника сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеу көзделгенін айтты.

Сондай-ақ, саланы технологиялық қайта жарақтандыру үшін инвестициялық субсидиялар мен айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікті кредит берілетінін атап өтті. АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес, қолда бар қант зауыттарын жаңғырту және отандық қантпен қамтамасыз етілу деңгейін 80% дейін арттыру жоспарланып отыр. Аталған мәселені жан-жақты шешу үшін министрлік Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша қант және қант қызылшасын өндіру тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Өз кезегінде өндірушілер тауарлық-материалдық құндылықтар бағасының өсуіне, отандық шикізат өндірісінің көлемін ұлғайтуға, су үнемдеу технологияларын енгізуге қатысты сұрақ қойды.

Кездесу қорытындысы бойынша қант және қант қызылшасын өндірушілер өздерінің нақты ұсыныстарын дайындауға келісті. Министрлік оны мұқият қарап, қажет болған жағдайда қант және қант қызылшасын өндіру тұжырымдамасының жобасына енгізетін болады.

Ведомство басшысы «Хильниченко және К» командиттік серіктестігінде болып, диірменді, сүт-тауар фермасын және қайта өңдеу цехтарын аралап көрді.

Сонымен бірге фермерлермен көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелерін, саланы дамытуды, министрліктің араласуын талап ететін ағымдағы жүйелі проблемаларды талқылады.

Министрдің оңтүстік өңірлерге жасалған үш күндік жұмыс сапарының қорытындысы Үкіметке жеткізіліп, агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар мұқият талданып, дайындалатын болады.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
6 мыңнан астам ресейлік Қазақстанға жұмыс істеуге келген

6 мыңнан астам ресейлік Қазақстанға жұмыс істеуге келген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Маңғыстаудың бас дәрігері сотталды

Маңғыстаудың бас дәрігері сотталды

4 года ago
Мақсатым — елдің ықыласына бөленіп, қариялардың батасын алу

Мақсатым — елдің ықыласына бөленіп, қариялардың батасын алу

6 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In