Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатында өткен дөңгелек үстелде сенатор Нұрлан Бекназаров айтты.
Ал, жарақат алғандар саны 109%-ға өсіп 40 873-ке жеткен. Сондай-ақ қаза тапқандардың саны 1,4%-ға өсіп, 2 579 фактіні құраған. Жол-көлік оқиғалардан зардап шеккен балалардың саны 133,7%-ға (4342-ден 10 149-ға дейін) және қайтыс болғандардың 3,5%-ға (317-ден 328-ге дейін) өскені ерекше алаңдаушылық туғызады.
«Президент жол апаттары жағдайының жоғары болуына алаңдаушылық білдіріп, жолдардағы қауіпсіздікті күшейту бойынша қатаң шаралар қабылдауды тапсырды. Осыған байланысты біз осы отырыста қосымша қандай заңнамалық бастамалар мен әкімшілік шешімдердің қажет екендігін талқылау үшін жиналып отырмыз. Бүгінгі күнгі ахуал жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи әдістерін әзірлеу үшін кешенді шаралар қабылдауды талап етеді. Олар, заңнаманы жетілдіру, жауапкершілікті күшейту, мемлекеттік бақылаудың тиімділігін және жүргізушілерді даярлау сапасын арттыру болып табылады» деді Н. Бекназаров.
Фото: Naryk.kz