• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Елімізде әлеуметтік желіде қисық сөйлеп, өзгенің жеке басына тіл тигізгендерді түрмеге қамау ұсынылды

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Елімізде әлеуметтік желіде қисық сөйлеп, өзгенің жеке басына тіл тигізгендерді түрмеге қамау ұсынылды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әлеуметтік желіде аңдамай сөйлеп, өзгенің жеке басына тіл тигізіп, жала жапқан азаматтар түрмеге отыруы да мүмкін. Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов әлеуметтік желілерде отырып азаматтардың намысына тигендер қылмыстық жазаға тартылуы керектігін ұсынып отыр. Ал кейбір сарапшылар адамдардың мәдениеті мен сауаты төмен болса, бәрібір заңмен сұғанақ тілділердің аузын жаба алмаймыз дейді. Соңғы бес жылда елімізде біреу сүрінсе одан сайын табалауға дайын тұратын азаматтардың саны интернетте күрт өскен. Бұл туралы  31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды.

Әлеуметтік желі, әсіресе фейсбук адамдардың айызын қандыратын алаңға айналып кетті. 9 жыл бұрын келіннің сәлем салуын харам әрекетке балады деп ақын Балғынбек Имашевты талай адам тілдеді. Одан кейін де жеке басына, діни сеніміне, ар-намысына тиісті. Ақын ешкіммен соттаспадым дейді.

“Мені біреу балағаттап, тіл тигізу арқылы маған зиян бермейді, керісінше, өзіне егер түсінсе. Біреудің соткасына ойланбай жазғаны біреудің отбасын ойрандай жаздады дегендей оның зардаптары үлкен болуы мүмкін, бірақ өз басым мен кешіріммен қарауға тырысамын”, – дейді ақын Балғынбек Имашев.

Фейсбукте сүрінгенді түтіп жеуге дайын тұратын азаматтар көп.  Мысалы, Токиода нокаут алған Левитті талай ел оңдырмады. Грэмми жүлдесін алған Иманбекті «жай ғана жолы болған бала, профессионал емес» деген әнші Роза Рымбаеваны да халық жеп қоя жаздады. Бұған қоса, Қайрат пен Төреғалиды күнде төпелеу – сәнге айналған.

Мәжілісмен Берік Дүйсенбинов әлеуметтік желіде ар-намысқа тиіскендерді аяудың қажеті жоқ, барынша жазаны күшейтуіміз керек дейді.

“Кеше ғана мысалы жазушы қарындасымыз қайтыс болды. Оңтүстікте. Оған не жеткізгенін болашақта тергей жатар, біле жатар. Егер ол бір кәсіби сын болса айтылып отырған: мысалы саясатерлерге, қала басшыларына, әкімдерге, жұмысына байланысты кәсіби сын болса ол жеке әңгіме. Жауапкершілікті міндетті түрде күшейту керек. Жаңағы айыппұлдан бастап қылмыстық мүмкін жазаға қолдану керек шығар!

Ал мәдениеттанушы Зира Наурызбаеваның пікірінше, адамдардың сауаты мен мәдениеті жоғары болмайынша заңмен ешкімнің аузын жаба алмаймыз. “

Қолданыстағы заң бойынша сізге әлеуметтік желіде өзге азамат жала жауып немесе ар-намысыңызға тиіссе сол жазбаны нотариус арқылы тіркеп, сотқа жүгіне аласыз. Алайда заңгерлер бізде сотқа жүгінетін адамдар көп емес дейді. Кейбір әлеуметтанушылар елімізде азаматтардың материалдық жағдайы жақсармай, тілінің уыты азаймайды деп отыр”, – дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Берік Дүйсенбинов.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр

Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

ТҮРКІСТАНДА «SARAP» ЭКСПЕРТТЕР КЛУБЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «SARAP» ЭКСПЕРТТЕР КЛУБЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ

8 месяцев ago
В Таласском районе заработали две ветроэлектростанции

В Таласском районе заработали две ветроэлектростанции

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In