• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

«Елден бір костюммен шықтым»: Ауғанстанның бұрынғы президенті көпті мазалаған сауалға жауап берді

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
«Елден бір костюммен шықтым»: Ауғанстанның бұрынғы президенті көпті мазалаған сауалға жауап берді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани 15 тамызда Кабулды тастап, «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қозғалысының елді жаулап алуға жол бергені үшін халықтан кешірім сұрады деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

«Осының бәрін басқаша аяқтай алмағаным үшін ауған халқынан кешірім сұраймын. Ауған халқына қызметім шексіз, бар өмірімді соған арнаймын», — деді бұрынғы президент Tolo News телеарнасына берген сұқбатында.

Сонымен қатар Ашраф Ғани белгісіз бір шетел азаматтары өміріне қастандық жасағанын жеткізді. Бұрынғы президенттің сөзінше, олар сарайына кіріп, бөлмелерден президентті іздеген. «Мен елден кетуге мәжбүр болдым, аяқ киім ауыстыруға мұрша болмады. Өмірімдегі басты байлығым: кітаптарымды, жазбаларымды, жеке ноутбугымды алып кете алмадым. Халықаралық күштермен елден шығу жолдарын талқылауға уақыт болмады. Елден бір ғана костюммен шықтым. Басқа жайттарын, Құдай қаласа, келесі жолы айтып берермін», — деді Ашраф Ғани.

Осы орайда Ауғанстанның экс басшысы қазір Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып жатқанын айтты. Ол ауған халқына тиесілі миллиондаған долларды өзімен бірге алып кетті деген мәліметті тағы да жоққа шығарды. «Бұның бәрі жалған. Жемқорлық — дерт, президент болған уақытта бар күшімді сонымен күресуге арнадым», — дейді Ашраф Ғани.

Айта кетейік, Ауғанстандағы жағдай АҚШ әскерінің елден шығарылуымен күрделене түсті. «Талибан» жауынгерлері ашық шабуылға шығып, қысқа уақыт ішінде мемлекет аумағының көп бөлігін бақылауға алды. Кейбір провинциялар мен қалалар қозғалыс күштеріне қарсылық көрсетпей-ақ берілді.

15 тамыз күні «Талибан» Ауғанстан астанасы — Кабулды ұрыссыз бағындырды. Ауғанстан президенті Ашраф Гани Кабулға тәліптердің енуіне байланысты президенттік өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда «қантөгісті болдырмау» үшін қабылдағанын жазды.

Айтуынша, «Талибан» өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған. Ал «Талибан» қозғалысы Ауғанстанда 20 жылға созылған соғыстың аяқталғанын мәлімдеді.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Атырауда ағасының мәйітін жеті ай үйінде сақтаған мұғалім жұмыстан шығарылды

Атырауда ағасының мәйітін жеті ай үйінде сақтаған мұғалім жұмыстан шығарылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

6 мыңнан астам ресейлік Қазақстанға жұмыс істеуге келген

6 мыңнан астам ресейлік Қазақстанға жұмыс істеуге келген

3 года ago
Артық салмағынан арыламын деп ажал құшты

Артық салмағынан арыламын деп ажал құшты

10 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In