2020 жылдан бастап екі ел арасындағы тауар айналымы 2 есеге өсіп, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1,6 млрд. АҚШ долларына жетті. Сенатор Бауыржан Қаниев бұл ретте, қазақстандық тауарлардың Қырғызстанға экспорты көрсеткіші өткен жылғы Қырғызстандық импорттан 2 есе асып, 1,1 млрд. АҚШ долларын құрағанын айтады.
Бүгінгі таңда Қырғызстанның сыртқы сауда айналымында Қазақстан ерекше рөл атқарады және Қытай мен Ресейден кейінгі үшінші ірі сауда серіктесі болып табылады.
Екі елдің Мемлекет басшылары 2030 жылға дейін тауар айналымын екі есеге ұлғайту және оны 3 млрд. АҚШ долларына жеткізу бойынша тапсырма қойып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның автожол өткізу пункттері саласындағы ынтымақтастығына қатысты заңды талқылады.
Құжат Қазақстан тарапынан «Қарасу» және қырғыз тарапынан «Ақ-тілек» автожол өткізу пункттерінің ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешен құруды көздейді.
Фото: 365info.kz