• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Енді не істейміз?

Егін орағы қызған шақта Жамбылда автогаз жетіспей жатыр

Қазір еліміздің оңтүстігінде егін ору науқаны нағыз қызған шақ. Бұл науқанды ойдағыдай атқару үшін жергілікті билік алдын-ала қам жасағаны белгілі.

by Jasyn
25/07/2024
in • Енді не істейміз?, Топ
0
Егін орағы қызған шақта Жамбылда автогаз жетіспей жатыр
0
SHARES
63
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әйтсе де Жамбыл облысының шаруалары соңғы кездері автогаз тапшылығын қатты сезініп отырғандарын айтып шағымдануда. Әсіресе, аудандардағы жанармай құю бекеттерінде автогаз мүлдем жоқ. Барының өзінің бағасы қымбат. Ал астық таситын көліктердің көбісі газ қондырғысымен жабдықталған. «Бұл тапшылықты егін ору науқаны кезінде әдейі қолдан ұйымдастырып отырған жоқ па?» деген қауіп айтады жамбылдық шаруалар.

Біз бұл жөнінде Жамбыл облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен байланысқан едік. Олардың жауабы төмендегідей болды:

Облыс көлемінде 29 газ желісі ұйымы бар, 217 автогаз құю бекеттері арқылы сұйытылған мұнай газы сатылады. Бүгінгі күні Тараз қаласында кейбір автогаз құю бекеттерінде сұйытылған мұнай газын «лимитпен» немесе талонмен сату байқалады.

ҚР Энергетика министрлігі тарапынан Жамбыл облысына 2024 жылдың маусым айына 5 630 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді (оның ішінде: «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ — 2 885 тонна, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС — 2 745 тонна).

Облыста газ қондырғысымен жабдықталған көліктердің саны артып, олардың саны 29 437 тіркелген.

Бүгінгі жағдайда Жамбыл облысы үшін қажеттілік 8 000 — 8 500  тоннаны құрайды.

Қазіргі таңда облысымызға 26 вагон-цистернада 936 тонна сұйытылған мұнай газы теміржолмен жөнетілді. Оның ішінде 2 вагон-цистерна 72 тонна газ Тараз қаласындағы станцияға келді, бұл вагондар жақын уақытта жеткізіліп, жанар-жағармай құю станциялары арасында толыққанды бөлінеді.

Облыста 280 тонна сұйытылған мұнай газы қалдығы бар.

Осы орайда, өндіруші зауыттан сұйытылған мұнай газын жөнелтуді жеделдету қажет.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Энергетика министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы №233 бұйрығына сәйкес, Тараз қаласы мен оған жақын аудандардағы автогаз толтыру бекеттерінде сұйытылған мұнай газының 1 литр үшін бағасы 78 теңге, алшақ орналасқан (200 шақырымнан асатын) бекеттерде 83 теңгені құрады.

Бұл мәселе үнемі басқарманың бақылауында.

Дегенменде басқарма мамандары автогаз тапшылығын сәтті пайдаланып, кейбір жанармай бекеттері бағаны қолдан өсіруі мүмкін екендігін де жоққа шығармайды.

Фото: Kursiv.kz

Tags: автогазегін ору науқаныЖамбыл облысы автогаз тапшылығы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысында қылмыс деңгейі 13,5%-ға төмендеді

Жамбыл облысында қылмыс деңгейі 13,5%-ға төмендеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Түркістан облысындағы екі ауылдың ауызсу мәселесі шешілді

Түркістан облысындағы екі ауылдың ауызсу мәселесі шешілді

4 года ago
Кітапханашылардың орташа жалақысы қанша теңге?

Кітапханашылардың орташа жалақысы қанша теңге?

11 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In