Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің жоспарына сәйкес сотталған азаматтар арасында теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы қоғамдық қорының Жамбыл облысы бойынша теологы Зүнінқожа Зұлқарнайынның қатысуымен “Діни радикализм – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп” тақырыбында топтық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында діни радикализмнің қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары, дәстүрлі діни құндылықтарды дұрыс түсіну мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


