• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Депутат немере бағатын ата-әжелерге зейнетақыға қосымша ақы төлеуді ұсынды

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Депутат немере бағатын ата-әжелерге зейнетақыға қосымша ақы төлеуді ұсынды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс тұрғындарымен кездескен депутат Ләззәт Рамазанова немересін бағатын зейнеткерлерге мемлекет тарапынан қосымша қолдау көрсету мәселесін көтерді, деп жазады Dalanews сайты.

Оның айтуынша, мұның арқасында тұрмыстық жағдай түзеліп, ата-әже мен немере арасындағы байланыс нығаяды, отбасылық құндылықтар дәріптеледі, бүлдіршіндерді балабақшамен қамту мәселесінің шешілуіне оң әсерін тигізеді.

«Түркияның Измир аймағын мысалға келтірейін. Ол жерде немересін бағатын ата-әжеге мемлекет зейнетақысының 50 проценті көлеміндегі қосымша ақыны әлеуметтік көмек ретінде төлейді. Бәлкім, осы әдісті біздің қоғамда да қолданысқа енгізіп көру керек шығар. Өйткені бұл жобаны жүзеге асыру арқылы бірнеше мәселе шешімін табады», – дейді президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы.

Басылымның хабарлауынша, мұндай бастамаға қолдау білдірген Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова алдағы уақытта жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыратынын атап өткен.

Сондай-ақ, депутат елімізде отбасы институтын дамытуға республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу керектігін де атап өткен.

«Осы жолда табысты жұмыс жүргізген елдегі кәсіпкерлерге заң аясында салықтық жеңілдіктер қарастыруды қолға алғанымыз жөн», – дейді Ләззәт Рамазанова.

Одан бөлек, басқосуда азаматтық-құқықтық қоғамды қалыптастыру мен дамыту бағытында мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың жай-күйі талқыланып, алдағы жоспар туралы да айтылған.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Отандық телеарналар Елдос Сметовтің қола алған сәтін көрсеткен жоқ

Отандық телеарналар Елдос Сметовтің қола алған сәтін көрсеткен жоқ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Житель Жамбылской области выращивал коноплю в огороде

Житель Жамбылской области выращивал коноплю в огороде

2 года ago
Қытай компаниясы Жамбылда металлургиялық зауыт салмақ

Қытай компаниясы Жамбылда металлургиялық зауыт салмақ

3 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In