• RU
Четверг, 12 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Депутат ауыл мен аудандардың бюджеті әлі де облысқа тәуелді екенін айтты

Соңғы 5 жылда Шығыс Қазақстан облысында 350 елді-мекен, Солтүстік Қазақстан облысында 635 ауыл, Павлодарда 352 ауыл, Ақтөбеде 315 ауыл, Батыс Қазақстан облысында 413 ауыл жабылды.

by Jasyn
03/04/2025
in Әлеумет, Бюджет
0
Депутат ауыл мен аудандардың бюджеті әлі де облысқа тәуелді екенін айтты
0
SHARES
40
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев өзінің депутаттық сауалында 2021 жылы басталған бастаманың нәтижесінде Қазақстанда 2,5 мыңнан астам ауыл әкімі сайланын, олардың 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте болмаған, яғни ел қатаң  сынайтын, есебін құрғақ сандар ғана құрайтын қатып қалған шенеуніктің қатарынан емес екенін айтады.

«Бүгінге дейін еліміздің әр түкпірінде сайланған ауыл әкімдерімен аяқтай барып кездесіп жүрмін. Расында атқарар жұмыс жеткілікті, талап таудай, себебі өзі сайлаған, өзі танитын әкімге елдің қабағы қату. Бұрынғыдай әдемі есеп беріп, өтірік статистика көрсетіп тайып тұратын ауыл әкімін ағайын ауылға жолатпақ емес енді. Ондаған жыл бойы көзбояушылықтан шаршаған жұрт «Әкім бол халқыңа жақын бол» дегенді сайланған әкімнің санасына жақсылап құйғаны көрініп тұр. Тіпті мен кездескен кей ауыл әкімдері ауылда қалатын салықты арттыру үшін қалаға кеткен ауылдастарын аралап, олардан автокөліктерін туған жерге тіркеуін сұрапты. Солай ауылға түсетін салықты молайтпақ, кей әкімдер ауыл іргесіндегі өзен-көлдерді туристік аймаққа айналдырудың қамын қылуда, кей әкімдер малдың еті мен сүтін іргедегі ірі зауыттарға апару үшін келісімшарттар жасаған» дейді депутат.

Н. Сәрсенғалиев ауылдың шаруасынан шашау шығармай шешу үшін ауыл мен аудандардың бюджеті әлі де облыстарға тәуелді екенін айтады. Салдарынан елді-мекендегі инфрақұрылымды дамытуға келгенде, төтенше жағдайды шешуге келгенде ауыл мен аудан әкімдерінің қолы байлаулы. Сондықтан бюджеттік қаржыландырудың «бесінші деңгейін» пилоттық режимде іске қосып, жергілікті аудан және ауыл деңгейінде бірқатар салықтық алымдарды қалдыру керек дейді.

Сондай-ақ, білім, денсаулық, коммуналдық шаруашылық, құрылыс сынды маңызды салалардың қаржысы облыста шоғырланғанын ескеру керек. Бұл ауылда туындаған мәселені уақытылы шешуге кедергі келтіреді. Сондықтан аталған салаларды қаржыландыру тетігін ауданға беру мүмкіндігін қарастыру керек.

Фото: Inbusiness.kz

 

Tags: ауыл әкімдеріауыл мен аудандардың бюджетіНартай Сәрсенғалиев
Jasyn

Jasyn

Next Post
14 адам келеңсіз оқиғалар салдарынан қаза тапқан

14 адам келеңсіз оқиғалар салдарынан қаза тапқан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

23 миллион теңгелік тиін, 40 миллион теңгелік айтыс. Ханзада Есенова «мал шашпақ» бастамаларын Шымкентте де қайталап жатыр ма?

23 миллион теңгелік тиін, 40 миллион теңгелік айтыс. Ханзада Есенова «мал шашпақ» бастамаларын Шымкентте де қайталап жатыр ма?

4 года ago
«Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы өз жалғасын табады

«Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы өз жалғасын табады

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In