• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ДДСҰ: Вакцина әділ бөлінсе, медицина қызметкерлері мен қарттарға түгел жетер еді

by Jasyn
06/03/2024
in Без рубрики
0
ДДСҰ: Вакцина әділ бөлінсе, медицина қызметкерлері мен қарттарға түгел жетер еді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылы бес ай ішінде коронавирус жұқтыру және өлім жағдайлары 2020 жылға қарағанда көбірек тіркелген. COVID-19 пандемиясы әлем халқы үшін әлі де үлкен қауіп төндіреді.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының ашылуында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры доктор Тедрос Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Ол вирустың таралуын әр елде бақылауға алғанға дейін пандемия аяқталмайтынын атап өтті. Қазір ешбір ел тұрғындарын вакциналау деңгейі қаншалықты жоғары болса да өзін коронавирусты жеңді деп санай алмайды.

«Қазіргі вакцинация саласындағы дағдарыс – бұл пандемияны ұзартатын теңсіздіктің айқын көрінісі. Тек 10 елде барлық екпенің 75 пайыздан астамы жасалды», — деді доктор Тедрос. «Бұл идеяны ешқандай дипломатиялық формада ұстау мүмкін емес, вакциналардың көп бөлігін өндіретін және сатып алатын елдердің шағын тобы әлемнің қалған бөлігіндегі жағдайды бақылайды», – деп сөзін толықтырды ол.

ДДСҰ басшысының айтуынша, осы күнге дейін жасалған екпелердің дозалары неғұрлым әділ бөлінген жағдайда әлемдегі барлық медицина қызметкерлері мен егде жастағы адамдарға жеткілікті болар еді. Доктор Тедрос бүгінгі таңда COVAX бастамасы аясында 125 елге 72 миллион вакцина дозасын жеткізуге болатынын еске салды. «Бұл олардың халқының бір пайызын вакциналауға әрең жетеді», — деді ол.

ДДСҰ басшысы дамыған елдерді препараттарды кедей мемлекеттермен, соның ішінде COVAX арқылы бөлісуге шақырды. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық қоғамдастықтың алдына қойған мақсаттары туралы айтты. Биылғы жылдың қыркүйегіне қарай әр ел халқының кемінде 10 пайызын және жылдың соңына қарай 30 пайызын вакциналау.

«Бұл өлім жағдайлары мен аурудың ауыр түрінің алдын алады, медицина қызметкерлерін қорғайды және экономика мен қоғамдық өмірді қайта бастайды», – деді доктор Тедрос.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Мәжілісте жас отбасыларды баспанамен қамтудың жаңа тетігі ұсынылды

Мәжілісте жас отбасыларды баспанамен қамтудың жаңа тетігі ұсынылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

ҚОЯНДЫДА ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ

ҚОЯНДЫДА ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ

1 год ago
Жетім қалған балаларға соңғы 6 жылда 766 пәтер берілді

Жетім қалған балаларға соңғы 6 жылда 766 пәтер берілді

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In