• RU
Суббота, 28 марта, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result

Дәрілік заттардың тек 15%-ы ғана ЕАЭО талаптарына сәйкес емес

Сенатор Айнұр Арғынбекова өзінің депутаттық сауалында Еуразиялық экономикалық одақ аясында дәрілік заттар айналымын шамадан тыс реттеу проблемасына назар аударды. Сенатордың пікірінше, ЕАЭО аясында дәрілік заттардың бірыңғай нарығын құру қауіпсіз және сапалы препараттардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған, алайда қазіргі кедергілер олардың Қазақстан нарығына шығуын қиындатып отыр.

by Jasyn
30/09/2024
in Медицина, Топ
0
Дәрілік заттардың тек 15%-ы ғана ЕАЭО талаптарына сәйкес емес

Депутат өз сөзінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ұлттық тіркелімі және мемлекеттік тізілімін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ұлттық тіркеу рәсімінен бас тарту еліміздің фармацевтика саласын жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін екенін жеткізді.

«Бұл процесс едәуір қаржылай салмақ салады, ол өз кезегінде дәрі-дәрмектің құнына әсер етеді. Бүгінгі таңда дәрілік заттар бағасының өсуі байқалып отыр. Мәселен, ол 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өткен жылмен салыстырғанда 11,2%-ды құрайды. Дәрілік заттар айналымының жекелеген салалары шамадан тыс реттелген және бұл қосымша кедергілерге және елде дәрілік заттарға қол жеткізудің қиындауына әкеледі», — деп атап өтті Айнұр Арғынбекова.

Сенатордың деректері бойынша, қазіргі уақытта елімізде тіркелген барлық дәрілік заттардың тек 15%-ы ғана ЕАЭО талаптарына сәйкес келтіруге берілген. Ол сондай-ақ 2025 жылға дейін көзделіп отырған өтпелі кезең ұлттық тіркеуді жаңа талаптарға сәйкестендіруде айтарлықтай қиындықтармен қатар жүретінін атап өтті. Оның ішінде бұл ЕАЭО ақпараттық жүйесіндегі кемшіліктерге байланысты, бұл процесті мерзімінде аяқтауда қосымша кедергілер тудырады.

Сенатор сонымен қатар бірыңғай тіркеу куәлігі мен тізілімді енгізу ұлттық қауіпсіздік пен зияткерлік меншікті қорғауға қауіп төндіруі, сондай-ақ отандық фармацевтика өнімін өндірушілерге кері әсерін тигізуі мүмкін деп алаңдаушылық білдірді. Сенатор Арғынбекова осының негізінде Үкіметке ұлттық тіркеу куәлігі мен оларды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға арналған дәрілік заттар тізілімін сақтау туралы мәселені қарауды ұсынды.

Фото: Kursiv.kz

 

Tags: Дәрілік заттармедициналық бұйымдарСенатор Айнұр Арғынбековафармацевтика саласы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Кейбір мердігерлер мемлекеттік сатып алу конкурсында негізсіз жеңіске жетті

Кейбір мердігерлер мемлекеттік сатып алу конкурсында негізсіз жеңіске жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика
  • About
  • Advertise
  • Careers
  • Contact

© 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

No Result
View All Result
  • Home

© 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In