Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.
Сатыбалды Түркістан облысының әкімі қызметін 2022 жылдан бері атқарған. 6 қаңтарда ол осы қызметтен босатылып, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Қазір облысты Нұралхан Көшеров басқарады.
Фото: akorda.kz