• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Цифрлық экономика

Цифрландыруға ақша жұмсалды, нақты нәтиже жоқ

Сенатор Сүйіндік Алдашев елімізде цифрландыру жөніндегі бағдарламалардың тиімсіз жүзеге асқаны туралы депутаттық сауал жолдады.

by Jasyn
16/09/2024
in Цифрлық экономика
0
Цифрландыруға ақша жұмсалды, нақты нәтиже жоқ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Депутаттың айтуынша, бұған дейін елімізде «Ақпараттық Қазақстан-2020», «Цифрлық Қазақстан» және басқалары сияқты түрлі бағдарламалар қабылданған болатын. Олар цифрлық технологияны енгізу және болашақтың цифрлық экономикасын құру арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Алайда, жақсы мақсатты индикаторлар мен айтарлықтай қаржылық инвестицияларға қарамастан, бұл бағдарламалар күткендей нәтиже бермеді және экономикаға айтарлықтай әсер етпеді.

«Елімізде цифрлық технологияларды енгізу есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ болашақтың цифрлық экономикасын жасауға бағытталған «Ақпараттық Қазақстан-2020», «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы сияқты бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданды. Қазіргі уақытта бұл стратегиялық құжаттардың күші жойылды. Бұл бағдарламаларда жақсы нысаналы индикаторлар айқындалды, алайда, осыған қарамастан, оларды іске асыру елеулі нәтиже мен ел экономикасының дамуына мультипликативтік әсер бермеді. Оларды іске асыруға республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Жоғарыда аталған бағдарламаларды іске асыру қорытындыларына егжей-тегжейлі талдау және бағалау жүргізілді ме? Оларды жүзеге асырудың нақты нәтижелері қандай? Бағдарламалық құжаттарды іске асырудың әсерін қалай бағалайсыз?»,- деп сұрады Сүйіндік Алдашев.

Сенатор сонымен қатар цифрландырудың жүйесіз жасалғанын және үйлестірудің нашарлығынан мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің интеграциясы әлсіздігін атап өтті. Көптеген мемлекеттік органдардың өз дерекқорлары бар және әралуан ақпараттық жүйелердің интеграциясы талап деңгейінен өте төмен. Депутат ауылдағы интернетке қол жеткізу мәселесін де атап өтті. Ауылдардың шамамен 41%-ы ғана талшықты-оптикалық желіге қосылған, бұл барлық жерде цифрландыру мүмкіндігін шектейді.

«Қазіргі уақытта 2023-2027 жылдарға арналған «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы іске асуда, оның мақсаты халық пен кәсіпкерлік субъектілерін интернет желісіне жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Осы жобаны іске асыру кезінде алдыңғы бағдарламаларды іске асыру кезінде орын алған барлық олқылықтарды ескеру қажет. Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық билік органдарының, бизнестің, ғылыми және білім беру қоғамдастықтарының, сондай-ақ азаматтардың тиімді бірлескен күш-жігері қажет», — деді Сүйіндік Алдашев.

Фото: GOV.KZ

Tags: «Ақпараттық Қазақстан-2020»«Цифрландыру«Цифрлық Қазақстан»болашақтың цифрлық экономикасығылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс»
Jasyn

Jasyn

Next Post
ЕТ ЭКСПОРТЫНАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЕЛІМІЗДЕ БІРІНШІ ОРЫНДА ТҰР

ЕТ ЭКСПОРТЫНАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЕЛІМІЗДЕ БІРІНШІ ОРЫНДА ТҰР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Сегіз жылдай бөпе көрмедік»: Қыдырәлі Болманов Қарақат екеуінің басына түскен сынақ жайлы айтты

«Сегіз жылдай бөпе көрмедік»: Қыдырәлі Болманов Қарақат екеуінің басына түскен сынақ жайлы айтты

3 года ago
Дәрілік заттардың тек 15%-ы ғана ЕАЭО талаптарына сәйкес емес

Дәрілік заттардың тек 15%-ы ғана ЕАЭО талаптарына сәйкес емес

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In