• RU
Четверг, 10 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесі

Бюджет жоспарлау, қаржы игеру – ауыл әкімінің біліктілігіне байланысты

Түркістан қаласында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен ауылдық округ әкімдерінің аймақтық форумы өтті. Форум жұмысына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев төрағалық етті.

by Jasyn
08/07/2025
in • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесі
0
Бюджет жоспарлау, қаржы игеру – ауыл әкімінің біліктілігіне байланысты
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Форум алаңы ауылдық деңгейдегі басқару жүйесін жетілдіруді, әкімдердің кәсіби әлеуетін арттыруды, сондай-ақ, нақты проблемаларды шешу жолдарын бірлесе қарастыруды көздеді. Ауыл халқының ең жақын тірегі, жергілікті мәселелердің шешімін табатын негізгі лауазым иесі – бұл ауыл әкімі екені байыпталып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау міндеттерінің орындалуы, ең алдымен әкімдердің іскерлік қарым-қабілетіне тікелей байланысты болып табылатынына назар аударылды.

«2021 жылғы 25 шілдеден бүгінгі күнге дейін облыс аумағындағы 181 аудандық бағыныстағы қала, кент, ауылдық округ, ауыл әкімі лауазымдарына 226 әкімдердің тікелей сайлауы өтті. Сайланған әкімдердің 61,5 пайызы ауылдық округ әкімі лауазымына алғаш рет сайланғандар, 38,5 пайызы – қайта сайланған лауазым иелері. Бұл – елдің жергілікті басқаруға қатысуының нақты көрінісі. Ауыл әкімдері енді тек тағайындалатын емес, халықтың сенім мандатын алған жауапты тұлға ретінде әрекет етуі тиіс. 2023 жылдан бастап ауыл әкімдіктеріне дербес бюджеттік өкілеттік берілді. Бұл – тек құқық емес, үлкен жауапкершілік. Бюджет жоспарлау, қаржы игеру, жобаларды іске асыру – барлығы ауыл әкімінің біліктілігіне байланысты», — деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев.

«Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша биылдың өзінде 8102 адам оқытылды. Оның ішінде банк алдындағы несие қарыздары 90 күннен асқан қарызы бар азаматтар санатынан 1785 адам – офлайн, 317 адам – онлайн оқу курстарынан өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасын табуы қажет екені айтылды. Жобаны іске асырудың нәтижелері мен өзекті мәселелері туралы Түркістан облысы бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі Ержан Кангелдиев баяндама жасады.

Жиын барысында несие қарыздары бойынша берешегі бар азаматтардың есепшоттарын бұғаттаудан шығару, осы санаттағы азаматтарға заңгерлік көмек көрсету, несие қарыздары бар азаматтарға қарыздарын өтеуге жеңілдіктер беру мәселесі жөнінде қажетті кеңестер берілді. Тұтынушы несиесін рәсімдеуде азаматтардың жас мөлшерін 18-ден 21-ге дейін ұлғайтуды заң жүзінде белгілеу, коллекторлық ұйымдардың қызметін құқықтық реттеу бойынша шаралар қабылданып жатқаны айтылды.

Форум жұмысына арнайы қатысқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағанбетов бюджет кодексіндегі жаңа талаптар, мемлекеттік сатып алу процесінің жариялығын қамтамасыз ете отырып, жетілдіру, спорт саласында легионерлерге бюджет және квазимемлекеттік сектор қаражатының жұмсалуына тосқауыл қою бағытындағы өзгерістер жайлы айтты.

Мәжіліс депутаттары 158 заң жобасын қарастырып, оның 89-на Мемлекет басшысы қол қойған. Парламент қабырғасында жаңа Бюджет кодексі жан-жақты қарастырылып, жұртшылықтан түскен көптеген ұсыныстар сараланғанын, жаңа нормативтер ауыл әкімдерінің қызметі үшін аса маңызды екенін айтты.

Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясы 62 заң жобасына бастамашылық еткен заң жобаларына 5322 түзету енгізген. Күн тәртібіндегі актуалды деген мәселелер бойынша 626 депутаттық сауал жолдап, қайталанған сапарларды қоса есептегенде 2099 елді мекенге шығып, тұрғындар көтерген проблемалық мәселелердің шешілуін депутаттық қадағалауға алған. Фракция өкілдері азаматтармен 4209 кездесу өткізіп, 128 мың адам қамтылған. Депутаттардың ықпал етуімен 527 мәселе дер кезінде шешімдерін тапқан. Жаңа Салық кодексі, Бюджет кодексі, Су кодексі қабылдау бойынша іргелі қадамдар жасалып, Міндетті әлеуметтік сақтандыру, «Келешек» жүйесі туралы Заңдар қабылданған.

Фото: Basnews.kz

 

 

 

 

Tags: ауылдық округ әкімдерінің аймақтық форумыБюджет жоспарлауқаржы игеруТүркістан
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді

Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда 46 трлн доллардан асатын металдардың қомақты қоры жатыр

Қазақстанда 46 трлн доллардан асатын металдардың қомақты қоры жатыр

1 год ago
Жалған нөмірмен көлік басқарған тараздық 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Жалған нөмірмен көлік басқарған тараздық 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

12 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In