Яғни, бюджет қаражаты мақсатты пайдалануды қажет етеді.
Бүгінде Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысына бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан нысанның іргетасы қаланып, кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысында 2024 жылы өткен «Үлгілі ауыл» облыстық байқауының нәтижесі бойынша жүлделі орынға ие болған ауылға бюджет есебінен 1 әлеуметтік нысан салуға арнайы қаржы бөлінген. Байқау нәтижесі бойынша Тегісшіл ауылдық округі жүлделі ІІ орынға ие болып, бүгінде Мәдениет елді мекенінде 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысы басталды.
Одан соң балалар ойын алаңшасы мен кіші футбол алаңының құрылыс сапасын бақылап, мердігер мекеме қызметкерлерімен кездесті. Бүгінде балалар алаңшасы және кіші футбол алаңшасына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауылдық округтерге барып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандарды аралады. Алдымен, Мәдениет елді мекенінде бой көтеріп жатқан мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысымен танысып, мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды. Содан кейін Сарыағаш қаласында орналасқан орталық стадионға бастау алған күрделі жөндеу жұмыстарының барысын арнайы барып, бақылады.
–Тұрғындар игілігіне салынатын әрбір дүние сапалы және толық қызмет атқаруы қажет. Ауданның келбетіне сай сапалы, көрікті стадион болуы керек. Сол үшін стадионға орналастырылған жаңа жабдықтардың барлығы жоғары сапалы және жан-жақты қауіпсіздік шаралары да ескерілуі қажет, – дей келе Арман Абдуллаев, мердігерге бірқатар ескертулер беріп, құрылыс жұмыстарына сапалы материалды пайдалануды тапсырды. Оған қоса, жұмыс жоспарына сәйкес құрылыс нысанына әр екі апта сайын арнайы барып, жіті бақылайтындығын жеткізді.
Сарыағаш аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты орталық стадион құрылысына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаты әзірленіп, құрылысты «ВИБО-строй» ЖШС жүргізуде.
Келесі кезекте аудан басшысы балалар ойын алаңшасы және кіші футбол алаңшасының құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Бүгінгі таңда, балалар ойын алаңшасы және кіші футбол алаңшасына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде.
– Еліміздің келешегі – бүгінгі ойын балалары. Сондықтан да біз көп жағдайда олардың талап-тілегімен санасып, сұранысын қанағаттандыруға тиіспіз. Ойын алаңына орналастырылған жаңа жабдықтардың барлығы жоғары сапалы және біздің тарапымыздан балалардың жан-жақты қауіпсіздігі де ескерілуі қажет, – дей келе, аудан әкімі алаңшаға орнатылған ойын элементтерімен әткеншектің сапасы, балалардың қауіпсіздігі басты назарда екенін ескертті.
Оған қоса, мердігерге құрылысқа сапалы материалдарды пайдалануды, мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Фото: Сарыағаш Аудан Әкімдігі