• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Бюджет қаржысына 13 ойын және спорт алаңшасын салу жоспарланған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Құркелес ауылдық округіне қарасты Береке, Нұрлы жол және Жаңаталап елді мекендерінде тұрғындарға қолжетімді медициналық қызмет көрсету мақсатында жаңа медициналық пункттердің құрылысы басталған. Аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған нысандардың әрқайсысына арнайы барып, құрылыс алаңдарын аралады. Мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасы мен мерзімдік талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

by Jasyn
07/10/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Бюджет қаржысына 13 ойын және спорт алаңшасын салу жоспарланған
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сонымен қатар, аудан әкімі Дербісек ауылдық округіндегі Атамекен елді мекеніне барып, тағы бір жаңа медициналық нысанның құрылысымен танысты. Бұл нысанның ішкі әрлеу жұмыстары толық аяқталған. Құрылыс биыл мамыр айында басталып, жеке инвестиция есебінен жүргізілуде. Жобаның тапсырыс берушісі — “CK ABU GROUP” ЖШС, ал құрылыс мердігері — “Барыс Строй-2030” ЖШС.

Арман Абдуллаев нысандарды аралау барысында инженерлік-инфрақұрылым желілерін тиімді және үйлесімді түрде тарту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, сапа мен мерзімге қатысты барлық жауапты тараптарға нақты тапсырмалар берілді.

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аударып, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ. Тұрсынбаевқа, сондай-ақ мердігер мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Жөндеу жұмыстарының мерзімі мен сапасына қатысты талаптарды күшейту қажеттігін атап өтті.

“Ауыл – Ел бесігі” бағдарламасы аясында Дербісек ауылдық округінің Дербісек елді мекенінде ұзындығы 30,5 шақырым болатын 30 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны мердігер мекемелер — “Artd Group” ЖШС және “Bairkum Company” ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі таңда, 28,5 шақырым жолдың жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Қалған 2 шақырым жолды қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Құрылыс жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

Сондай-ақ, Сарыағаш ауданында 10-нан астам спорт және ойын алаңшасының құрылысы жүріп жатыр. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында жоспарланған 13 спорт және ойын алаңшаларының құрылыс жұмыстарын аралап, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Аймақ басшысы нысандардың құрылыс сапасына және мерзімінде аяқталуына баса назар аударып, мердігерге тапсырмалар берді. Бұған дейінгі аралау барысында айтылған сын-ескертпелерді жою, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде және жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес аяқтау міндеттелді.

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың халықпен кездесуінде тұрғындар тарапынан айтылған өтініштерге сәйкес Сарыағаш қаласында бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жүргізілуде. Бюджеттен қаржы қарастырылып, қала аумағында жалпы 13 балалар ойын және спорт алаңшасының құрылысы жоспарланған. Осы ретте, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы бірқатар спорт және ойын алаңшаларының құрылыс жұмыстарын аралап, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті.

Аудан басшысы нысандардың құрылыс сапасына және мерзімінде аяқталуына баса назар аударып, мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар берді. Бұған дейінгі аралау барысында айтылған сын-ескертпелерді жою, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде және жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес аяқтау міндеттелді.

Сарыағаш қаласының әкімі А.Ешанқұлға нысандардың құрылысы мен сапасын үнемі бақылауда ұстау, жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамаға сай жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен қатар, пайдалануға берілуі жоспарланаған нысандарды уақтылы қабылдап алу, аумақтың санитарлық тазалығын ұйымдастыру және көше тұрғындарын бірлескен тәртіппен, бекітілген кесте бойынша ойын алаңдарын тиімді пайдалануға жұмылдыру міндеттелді.

Аудан басшысы келесі нысандардағы жұмыстардың барысымен танысты:

  • Майлықожа көшесіндегі балалар спорт-ойын алаңшасы,
  • Самал-3 мөлтек ауданындағы Сүткент көшесінің бойындағы балалар ойын алаңшасы,
  • Телемұнара шағын ауданындағы Ақтөбе көшесінің бойындағы балалар ойын алаңшасы,
  • Қарқаралы көшесіндегі балалар спорт алаңы,
  • Шәмші Гүлзары көшесінің бойындағы балалар ойын алаңшасы
  • Созақ көшесіндегі кіші футбол алаңшасы.

Аталған ойын және спорт алаңшалары заманауи үлгідегі қауіпсіз әрі сапалы жабдықтармен жабдықталатын болады. Балалардың дене шынықтыруымен айналысуына, белсенді демалуына және қауіпсіз ойнауына барлық жағдай жасалады. Әр алаңшада сырғанақтар, әткеншектер, жаттығу құралдары және жарықтандыру жүйесі қарастырылған.

Фото: Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі

Tags: балалар ойын алаңшасыойын және спорт алаңшаларыТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Бұл мәселе – менің қатаң бақылауымда»

«Бұл мәселе – менің қатаң бақылауымда»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МЕН ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТЕКЕТІРЕСІ:  КІМ ЖЕҢЕДІ?

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МЕН ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТЕКЕТІРЕСІ: КІМ ЖЕҢЕДІ?

2 года ago
Шымкентте коронавирустан қайтыс болғандардың мәйітін алуға ұзын-сонар кезек пайда болды

Шымкентте коронавирустан қайтыс болғандардың мәйітін алуға ұзын-сонар кезек пайда болды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In