• RU
Среда, 9 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Бюджет қаржысын тиімді пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Бюджет қаржысы – ел әлеуетіне жұмсалуда

Бюджеттен бөлінген қаржы халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталып, нақты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуі керек. Бюджеттің тиімді болуы -- тек ғана бөлінген және игерілген қаражатқа байланысты емес. Ол қаржылардың барлығы халқымыздың өмір сапасын арттыруға ықпал ету керек. Бұл Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да алға қойған негізгі міндеттердің бірі.

by Jasyn
09/07/2025
in Бюджет қаржысын тиімді пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы
0
Бюджет қаржысы – ел әлеуетіне жұмсалуда
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Түркістан облысы Ордабасы ауданында бюджеттен 6 көшеге орта жөндеу, 3 көпірге ағымдағы жөндеу және 4 ауылдың ішкі көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 4 аудандық маңызы бар автомобиль жолдары орташа жөндеуден өткізілуде. Сонымен қатар, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ордабасы ауданында 3 медициналық нысан пайдалануға берілген. Нәтижесінде аудан бойынша денсаулық сақтау нысандары 100 пайызға жаңартылды.

Аудан бойынша 54 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылған. Қалған 3 елді мекенде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін аймақтағы бүкіл елді мекен 100 пайыз ауыз сумен қамтылатын болады. Сондай-ақ, өңірдегі 36-ы ауыл табиғи газ жүйесіне қосылған. Ендігі кезекте қалған 21 елді мекенге газ жеткізу жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып, 2026 жылдың аяғына дейін аудан тұрғындарын толық көгілдір отынмен қамту жоспарлануда.

Сондай-ақ, аудан бойынша 57 елді мекен толық электр қуатымен қамтылған. Биыл «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан 7 дана трансформатор ауыстырылатын болады. Аудан бойынша жалпы ұзындығы 230,4 шақырымды құрайтын 201 көшеде жарықтандыру құралдары орнатылған.

Ал, Мақтаарал ауданында 2025 жылдың 5 айында өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 11,3 млрд теңгеге жетсе, тікелей тартылған инвестиция көлемі 9,4 млрд теңгені құрады.

«Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Мақтаарал ауданы, Жаңажол ауылдық округі, Фирдауси елді мекенін жандандыру мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үйлерді сатып алу үшін 1,5 млрд теңге қаржы қаралған. Бұдан бөлек, биыл Еркінабад, Нұрлы жол елді мекендерінде 200 орындық 2 мектептің құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Үлгілі елді мекенінен 600 орындық мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, жаңа оқу жылынан бастап оқушыларды қабылдауға дайын. Ал, Атакент кентіндегі 1500 орындық мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда. Одан бөлек, 2025 жылы 5 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде», — дейді аудан Бақыт Асанов.

Сондай-ақ, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл Мақтаарал ауданы бойынша 4 медициналық нысанның құрылысы басталып жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Аймақта инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аудан 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Қазіргі таңда өңірдегі 68 ауылдың 46-сында газ бар. Биыл «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 538,3 млн теңге қаржы бөлініп, 21,8 шақырымды құрайтын 24 ішкі көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда 13,5 шақырымды құрайтын 17 көшеге асфальт төселді. Жалпы аудан аумағына аудан әкімдігі тарапынан 132 шақырымды құрайтын 112 көшеде 4173 дана көше жарық шамдары орнатылған.

Сонымен қатар Қазығұрт ауданында 2025 жылы құны 21,5 млрд теңге болатын 24 жобаны іске асырып, 749 адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлануда. Өңір экономикасына айтарлықтай әсер етуі тиіс жобалардың басым бөлігі ауылшаруашылығы саласына тиесілі. Мәселен, өңірде балық және құс шаруашылығымен айналысушылар саны артып келеді. Сонымен қатар, егін шаруашылығында тамшылатып суғару технологиясына баса мән беріп жатқан шаруалар да жетерлік» — дейді Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов.

Аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі биыл бес айда 42,3 млрд теңгеге жеткен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 134,4 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ, өңірдегі инфрақұрылым саласында да бірқатар оң өзгерістер орын алуда. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарының 98,3 пайызы тұрақты ауыз сумен қамтылған. Бұл көрсеткішті биыл жыл соңына дейін 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Ал, табиғи газбен қамту көрсеткіші 90,1 пайызға жетсе, электр жарығымен қамту көрсеткіші 98,4 пайызды құраған.

Аудандағы білім және медицина саласында да жақсы жаңалықтар жетерлік. 2024 жылы 4 жаңа мектеп пайдалунға берілсе, биылғы оқу жылында да тағы 3 білім нысаны бой көтеруде. Сонымен қатар, өткен жылы 5 медициналық нысан құрылысы аяқталып, қолданысқа ұсынылса, 2025 жылдың қорытындысымен 4 нысан ем алушыларды қабылдауға дайын болмақ.

Фото: Караван

 

 

Tags: «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»бюджет қаржысысапалы ауыз сумен қамтылуТүркістан облысы Ордабасы ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Қарызсыз қоғам» жобасына қатысып, қарызы түгел жабылды

«Қарызсыз қоғам» жобасына қатысып, қарызы түгел жабылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда ұстаздарға «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі тағайындалды

Қазақстанда ұстаздарға «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі тағайындалды

3 года ago
«Алтын адамды» тапқан археологты еске алуды ұсынды

«Алтын адамды» тапқан археологты еске алуды ұсынды

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In