• RU
Среда, 11 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Бюджет қаражатына үш елді мекенге электр желілері тартылуда

Түркістан облысы Келес ауданында елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бағытында облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, ауқымды жұмыстар атқарылуда.

by Jasyn
08/06/2025
in • Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы
0
Бюджет қаражатына үш елді мекенге электр желілері тартылуда
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда аудан бойынша 83 елді мекеннің 68-і сапалы электр қуатымен қамтылып, бұл жалпы елді мекендердің 81,9 пайызын, ал халық санына шаққанда 83,3 пайызын құрап отыр.

Сондай-ақ, өткен жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен үш елді мекенде электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Ақтөбе ауылдық округінің Жуантөбе елді мекенінде жаңадан берілетін жер телімдері, Бірлік ауылдық округінің Жаңатіршілік елді мекені және Біртілек ауылдық округінің Амангелді елді мекеніндегі Ақдала көшесі сапалы электр желісімен қамтамасыз етілді.

Бұған қоса, қазіргі таңда алты елді мекенде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Олар, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Лесбекбатыр және Көгерту елді мекендері, Бірлік ауылдық округіндегі Үшағаш елді мекені, Біртілек ауылдық округінің Ораз ата және жаңадан берілетін жер телімдеріндегі Игілік елді мекені, сондай-ақ Көлтоған елді мекенінің ішкі көшелері сапалы электр қуатымен қамтылуда.

Айта кетейік, аудан орталығы Абай ауылында биыл бірқатар көшелерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Р.Махатова, Б.Қырғызалиев, Абай-1 өткелі, Құрылыс көшелері және Қыш зауыты мөлтек аудандарында электр желілерінің құрылысын аяқтауға жақын. Бұл жобаның тапсырыс берушісі – аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі болып табылады.

Тағы бір айтары, бюджеттен қаржы қарастырылып, Келес ауданының әлеуметтік нысандармен қамтылуы да назардан тыс қалған жоқ. Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша өткен жылы Ақтөбе ауылдық округінің Ынтымақ, Жаңадәуір, Бірлесу ауылдық округінің 28-гвардия, Бірлік ауылдық округінің Бірлік және Ошақты ауылдық округінің Береке ауылдарында 1 қабатты дәрігерлік амбулаториялар бой көтеріп, халық игілігіне берілді.

Қазіргі таңда аудан орталығында спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жобаны маусым айында толық аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, ауданның мәдени өміріне серпін беретін мұражай құрылысы да басталып кетті. Қазіргі кезде іргетас құю жұмыстары атқарылып жатыр. Бұл нысан 2026 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, Жүзімдік ауылдық округінде 149 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда жер телімін дайындау, іргетасын құю жұмыстары толық аяқталып, құрылыс келесі жылға өтетін нысандардың бірі болып отыр.

Фото: Келес Ауданы Әкімдігі

Tags: сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуТүркістан облысы Келес ауданыэлектр желілер
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қаржылық сауатсыздық күйзеліс, сенімсіздікке әкелуі мүмкін

Қаржылық сауатсыздық күйзеліс, сенімсіздікке әкелуі мүмкін

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Түркістан облысында 170 млн ағаш көшеті отырғызылады

Түркістан облысында 170 млн ағаш көшеті отырғызылады

4 года ago
Депутат ауыл мен аудандардың бюджеті әлі де облысқа тәуелді екенін айтты

Депутат ауыл мен аудандардың бюджеті әлі де облысқа тәуелді екенін айтты

2 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In