• RU
Четверг, 3 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану

Бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды тапсырды

Түркістан облысы, Сауран аудандық мәслихатының кезекті 33-сессиясы өтіп, 2024 жылғы аудандық және ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы есептер тыңдалып, бекітілді.

by Jasyn
25/06/2025
in Бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану
0
Бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды тапсырды
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бірқатар ауылдық округ әкімдері де өз округтеріндегі бюджеттің атқарылуы туралы жұмыс нәтижелері туралы есеп беріп, өздеріне жүктелген міндеттердің орындалу барысы туралы баяндама жасады.

Сессия қорытындысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров барлық баяндамашылардың есептерін саралай келе бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалануды, мемлекеттік бағдарламалар мен аудандық даму жоспарларының сапалы орындалуына баса мән беруді тапсырды. Ол жергілікті деңгейдегі проблемаларды дер кезінде анықтап, оларды шешу жолында бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.

Жалпы алғанда ауылдық округтерде бюджет қаражаты, салық мәселесінде бірқатар оң қадамдар бар. Мысалы, Шорнақ ауылдық округінің әкімі Бердалы Баймұратовтың айтуына қарағанда ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, бюджеттің атқарылуы, инфрақұрылымдық мәселелер мен тұрғындардың тұрмысын жақсарту бағытында біршама бастамалар қолға алынған. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығына 1,8 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылып, жаңбырлатып суғару технологиялары енгізілді, техникалар жаңартылды. Салықтық түсімдер жоспардан асыра орындалып, 51 отбасыға әлеуметтік және демеушілік көмек көрсетілді. Қосмезгіл, Шорнақ, Аша елді мекендерінде тас төсеу, жарықтандыру, спорт және ойын алаңдарын жөндеу, көшет отырғызу, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, округ бойынша 374 жас әскер қатарына шақырылып, олардың бір бөлігі әскери борышын өтеуге аттанды.

Ал, Бабайқорған ауылдық округінің әкімі Жасұлан Мыңтаев ауылдық округтің бюджеті 112,6 млн теңге көлемінде бекітіліп, оның 48,5 млн теңгесі 5 айда игерілгенін айтады. Салықтық түсімдер жоспары 222 пайызға артық орындалып, 12,3 млн теңге өндірілді. Мал шаруашылығында 4050 ірі қара, 33 356 ұсақ мал, 2067 жылқы тіркелсе, ауыл шаруашылығы мақсатында 2220 гектар жерге түрлі дақылдар егілді. Инфрақұрылымды дамыту бағытында 15 аялдама абаттандырылып, тротуарлар төселді, балалар және спорт алаңшалары орнатылды.

Жібек жолы ауылдық округінде ағымдағы жылдың қаңтар–мамыр айларында 22,76 млн теңге бюджет қаржысы игеріліп, салықтық түсімдер 4,96 млн теңгені құраған. Ауыл шаруашылығы саласында 1505 гектар жерге егіс егілді. Мал басы 12 мыңнан асып, 59 шаруа қожалығы тіркелді. Өндірілген өнімдерді облыстық, қалалық және шетелдік нарыққа шығару жоспарлануда. Сонымен қатар, округте 5 гектар жерге өндірістік аймақ құру және 10 гектар аумақта мал бордақылау алаңын ашу бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жобалар кәсіпкерлікті дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады.

Сондай-ақ, Майдантал ауылдық округінің әкімі Жандос Досболов 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында атқарылған жұмыстар мен жобалар бойынша жасаған баяндамасында осы кезеңде 34,7 млн теңге бюджет қаражаты игеріліп, салық және жер сатылымынан 7,2 млн теңге табыс түскенін айтады. 1606 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді, 24 мыңнан астам мал басы тіркелді. Кәсіпкерлік саласына 216 млн теңге инвестиция тартылып, бала-бақша мен 400 ірі қараға арналған бордақылау алаңының құрылысы басталды.

Сонымен қатар, Егізқара, Ынталы және Қаражон елді мекендерінде жол жөндеу, ауыз су жүйесі, электр желісі, саябақ және спорт кешенін салу сияқты ауқымды құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2025–2026 жылдары балалар алаңы, аялдама мен ауыл кіреберісіндегі арка жөнделетін болады.

Фото: Qazdauiri.kz

 

 

 

 

 

 

Tags: ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайыБюджет қаражатыТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ханарық ауылындағы көпір бюджет қаржысына салынды

Ханарық ауылындағы көпір бюджет қаржысына салынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Кәмелетке толмаған қыздарын лаңкестерге бермек болды

Кәмелетке толмаған қыздарын лаңкестерге бермек болды

2 месяца ago
Түркістан облысында жайылымдарды 100% сумен қамтитын жоба жүзеге асырылуда

Түркістан облысында жайылымдарды 100% сумен қамтитын жоба жүзеге асырылуда

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In